Индира Расылхан аты дүркіреп тұрған кезінде көкөніс сатқанын айтып көзіне жас алды
Әнші Индира Расылхан екіқабат кезінде көтерме сауда базарына барып дүкенге жеміс пен көкөніс тасығанын айтып берді. Мұндай қадамға ол өмірлік жолдасы жол апатына түсіп, төсек тартып жатып қалғаннан кейін баруға мәжбүр болған.
Бұл туралы «Қазақстан» арнасының «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.
«Ұлымды босанардың алдында жолдасым жол апатына ұшырап, омыртқасы сынып, төсек тартып жатып қалды. Өзімнің аяғым ауыр. Есіме алсам жылағым келеді. Индира Расылханның «Жас қайың» әнінің дүркіреп тұрған уақыты. Бала көтергендіктен сахнадан біраз уақыт қол үзіп қалдым. Себебі егіз қыздарыма дейін балаға салғырт қарағандықтан, бір балам шетінеп кетті. Балаға зейінмен қарайын деп сахнаға шықпай кеттім. Той-томалаққа шақырыс аз. Күн көру керек болды. Той жоқ, жолдасым болса жатыр…», – деп бастады Индира әңгімесін.
Шарасы таусылған әнші үйінің төменгі қабатында орналасқан дүкеннің бір бөлмесін жалға алып, саудамен айналысуды жөн көреді. Басынан өткен осы бір қиын-қыстау кезең туралы еске алған ол көз жасына ерік берді.
«Інімді алып келіп, соны еңбекке тәрбиеледім. Таңғы 4-те тұрып кететінмін. Қанша дегенмен әнші ретінде танылып қалған кезім. Ұялатынмын. Бас киім киіп, бет-аузымды тұмшалап шығатынмын. Көтерме сауда базарына баратынмын. Танып қойған кісілер де болды. Дүкенде інім сатып тұратын. Бірақ күн сайын таңғы сағат 4-тен 8-ге дейін базарда өзім жүретінмін. Ең бастысы саудамыз жүрді. Себебі ол жерде еңбек бар, ниет бар. Сол кездері әріптес-досым Айгүл Иманбаева үйге жиі келіп: «Неге мұндай жағдайға үсіп кеттің? Сенің атың бар, ең бастысы, даусың бар. Шығуың керек», – деп айтатын. Құдайға шүкір, 1 жылда көтеріліп, өзімнің жеке концертімді беріп, аяққа тұрдым. Жалпы қара жұмыстан қорқудың, намыстанудың қажеті жоқ», – деп түйіндеді сөзін әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Ақбота Сейтмағамбет «үш балалы отбасын бұзды» дегендерге жауап берді
Мүгедек балаларға «қисық және ақи» деп тіл тигізген Сати Казанова күйзеліске түскен (видео)
Айсәуле Бақытбек жігітпен өткізген ең мінсіз кездесу туралы айтып берді
Жанна Әбуова ұлының әкесін «тауып қойған» желі оқырмандарына жауап берді