inCruises компаниясы Қазақстандағы қызметіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

inCruises брендін қолданатын inGroup International LLC компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жергілікті заңға және корпоративтік реттеудің халықаралық стандарттарына сай жүзеге асыратынын растап отыр. Компания барлық елде, соның ішінде Қазақстанда ашықтық, заңдылық және адал іскерлік тәжірибе қағидатын ұстанады.
inCruises ресми түрде былай деп мәлімдейді: Қазақстанның құқық қорғау органдары inGroup International LLC қызметіне қатысты тергеу жүргізіп жатқан жоқ. Сонымен қатар компания басшыларына қатысты тіркелген қылмыстық істер де жоқ.
inCruises заңгерлерінің пікірінше, осыған қарамастан, әлеуметтік желілерде компанияның атына нұқсан келтіріп, қазақстандықтарды және басқа да халықты жаңылыстыратын ақпарат тарап жатыр.
inCruises ресми түрде былай деп мәлімдейді: тарап жатқан қылмыстық іс туралы ақпарат шындыққа жанаспайды және расталған деректерге негізделмеген. Компания Қазақстан Республикасының құқықтық нормаларын және халықаралық реттеу талаптарын қатаң ұстана отырып, өз қызметін жалғастырып келеді.
Компанияның құқықтық ұстанымы
GRATA International халықаралық заң фирмасының серіктесі Асқар Қонысбаев осы жағдайға қатысты пікір білдірді:
"Компания ақпарат авторларына сотқа дейін шағым жолдап, жалған мәліметтерді өшіруді немесе жоққа шығаруды талап етті. Бірқатар материалдарда inCruises қызметіне қатысты ақпарат бар. Бірақ ол Қазақстанның мемлекеттік органдарының ресми деректерімен де, халықаралық реттеушілердің қорытындыларымен де расталмаған".
Сонымен қатар ол компания қызметі тұтынушылардың құқығын қорғау, жарнама және қаржы операциялары саласындағы заң талаптарына сай жүргізілетінін атап өтті.
inCruises компаниясының Қазақстандағы заңды өкілі Тағир Сисинбаев та компанияның мемлекеттік органдармен өзара конструктивті байланысы туралы айтты:
"Компания Қазақстандағы мемлекеттік органдармен тұрақты түрде ресми хат алмасып келеді. Бүгінде құқық қорғау органдары тарапынан inCruises қызметіне қатысты қандай да бір процессуалдық әрекеттер жоқ".
Компания inGroup International LLC 2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасы цифрлық салық төлеушілер тізілімінде тіркелген.
Қазақстанның Мемлекеттік кірістер комитеті электронды саудамен айналысатын немесе жеке тұлғаларға электронды түрде қызмет көрсететін шетелдік компаниялардың тізімін және олардың төлеген салық сомалары туралы мәліметтерді тұрақты түрде жариялап отырады.
inGroup International басшылығының пікірі
inGroup International компаниясының негізін қалаушы және CEO Майкл Хатчисон компанияның этикалық және заңды түрде бизнес жүргізу талаптарын мүлтіксіз орындауға деген ұстанымын растады:
"Біздің бизнес моделіміз халықаралық деңгейдегі барлық реттеушілердің талаптарына толық сәйкес келеді. Ашықтық пен заңдылық – біздің жұмысымыздың негізі. InCruises тұтынушыларды қорғаудың жоғары деңгейін ұсынады. Бұл – тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен айналысатын халықаралық Trust My Travel (TMT) компаниясы арқылы төлемдерді қорғау, күтпеген жағдайлар болғанда шығынды өтеуге кепілдік беретін "Trip Protection" қорғауы, сонымен қатар круиздерді ең тиімді бағалармен брондау кезінде бағаның сәйкестігіне кепілдік беру. Ақпараттық кеңістікке қатысы бар барлық тарапты тек расталған деректерге сүйенуге шақырамыз. Жалған ақпараттар тұтынушыларға, біздің серіктестерімізге және заңды қызмет атқарып отырған компанияның беделіне зиян келтіреді".
Сонымен қатар ол компанияның Қазақстандағы круиздік туризмді дамытуға қосқан үлесін атап өтті:
"inCruises миссиясы – отбасылар үшін халықаралық саяхаттарды бүкіл әлем бойынша қолжетімді әрі сенімді ету, сонымен бірге ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету. Бүгінде шамамен 100 000 қазақстандық InCruises арқылы саяхаттап үлгерді, олардың көбі бірнеше рет сапарға шыққан. Біз мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты жалғастырып, заң талаптарына толық сай жұмыс істейміз және халықаралық сапа стандарттарын сақтаймыз".
inGroup International және inCruises туралы
inGroup International құрылымына кіретін inCruises – жазылу негізінде жұмыс істейтін әлемдегі ең ірі халықаралық саяхат клубы.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 135 қазақстандық InCruises компаниясына қарсы сотқа арыз түсіргені туралы ақпарат тараған еді. Олар компанияның қызметін заңсыз деп тануды және шамамен 243 000 долларды қайтаруды талап еткен.
Қазақстанда тұрғын үйлердің сапасын кім тексереді және өз үйінің қауіпсіз емес екенін білгендер қайда жүгіне алады