Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Иманбекке тамсануды қой!": Шетелдік басылым қазақстандық музыкантты сынады

Жақында ғана "Грэмми" сыйлығын жеңіп алған алғашқы қазақстандық Иманбек Зейкеновты Ресейлік БАҚ сынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Daily Afisha ресейлік басылымы қазақстандық Иманбек Зейкенов жайлы "Иманбек пен оның «Грэмми»-іне тамсануды қой! Оның жасайтыны қызықсыз поп-хаус" атты мақала жазды. 

"Мойындайық, Иманбектің жетістікке жету оқиғасы - шынымен-ақ, голливуд оқиғасы. Бірде теміржолда істейтін, Ақсу қаласында туған жасөспірім жұмысынан үйге келген. Сөйтіп Ableton-ды (компютерлік бағдарлама) қосып, музыка жасайды. Арада бір жарым жыл өткен соң  ол "Грэмми"-ге номинацияланады, онымен бірге әлемдік сахнадағы диджейлер жұмыс істегісі келеді. Британдық әнші Рита Ора Иманбекке музыка жасап беруін сұрайды. Әрине, бұл тамаша жетістік, оған дауласпаймыз!", - деп жазады басылым авторы. 

Мақала авторы Иманбек Зейкеновтың көпке танылған ремиксін қарапайым биге арналған хит деп бағалаған.

"Иманбек жайлы барлық жергілікті медиа жазды. Billboard бойынша оның музыкасы ТОП-қа кірді. Алайда музыка Иманбек қатты назар аударған сала болмаған. «Roses» ремиксі туралы ауыз толтырып айтатын нәрсе жоқ. Бір қарағанда қарапайым дэнс-хит. 

Ең қызығы радиодан беріліп жүрген қарапайым поп-хаус қалай ғана Billboard-тың ТОП-тығына ілініп, "Грэмми" алды? Бұл трек өзі сияқты жүздеген шығысеуропалық тректерден несімен ерекшеленді?", - деп сұрақ жолдайды автор.   

Айтуынша, музыканттың оқиғасы аяқ-асты сәттілікке қана. 

"Иманбек өзі де ремиксті бастапқыда жариялауға ұялғанын айтқан еді, тіпті оған үміт те артпаған. Американдық рэп арасында танымалдылыққа ие болуды зерттеген адамға ұқсамайды. "Мынаны басып едім, істеп кетті"-ге келетін оқиғаға ұқсайды. Бұған Иманбектің басқа тректері дәлел. Олардың бәрі қарапайым ғана поп-хаус. Бір тыңдап, ұмытатындай. 

ТМД-дан шыққан жігіт биікке көтерілді, қараңдар!" дегендей Иманбекке тамсану артында колониалды логиканы байқауға да болады. Иманбекке сәттілік тілейміз, шынымен де айтуға тұрарлық музыка шығаруына тілектеспіз!", - деп жазды басылым.               

Талқылау