Илья Ильин науқас балаларға арнап би билеп берді (видео)
Танымал қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин қайырымдылық кешінде би билеп берді.
Қазақстандық ауыр атлет бұл қайырымдылық кешіне өзге спортшылармен бірге бесінші жыл қатарынан қатысып отыр.
“Кеше велошеруден кейін өте көңілді болды. Дәстүрлі түрде бесінші мәрте өткен велошеруден соң қайырымдылық кешіне бардық. Әлемдік спорт жұлдыздарының заттары аукционға қойылып, одан түскен ақша аутизммен ауыратын балалардың еміне жіберіледі”, – деп жазады спортшы желіде.
Бұған дейін Бурабайда өткен осы акция барысында Геннадий Головкиннің қолғабының 9 миллион теңгеге сатылғанын хабарлаған едік.
Оқи отырыңыз:
Қытайда әділетсіз жеңілген қазақ боксшысының жанкүйерлері шу шығарды
Белгілі комментатор “Селтиктен” ұтылған “Астана” ойыншыларының жіберген кемшілігін атады
Қуат Найман “Астананың” жеңілісінен соң Қазақстанда футболға тыйым салуды ұсынды
Серік Қонақбаев Қанат Ислам мен Головкиннің алдағы айқастарына болжам жасады