Илья Ильин маскүнемдіктен оңалту орталығында емделіп жатқан ауыр атлет Алмас Өтешевтің жағдайын көрсетті (видео)
Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин маскүнемдіктен оңалту орталығында емделіп жатқан әріптесі, ауыр атлет Алмас Өтешевтің жағдайын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ауыр атлетикадан әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин маскүнемдіктен емделу үшін ауруханаға жатқызған өзінің командалық әріптесі, жақын досы Алмас Өтешовтің қазіргі жағдайы туралы мәлімдеме жасады.
“Уәде еткенімдей, сіздерге Алмас досымның қал-жағдайын көрсеткелі отырмын. Қазір оның жағдайы жақсы. Ол Астанадағы Soul Clinic оңалту орталығында емделіп жатыр. Ендеше, осы қиын жолда оның сауығып кетуіне күш-қуат тілейік", - деді Ильин.
Айта кетейік, бұған дейін Азия чемпионы Алмаз Өтешов "Уақыт көрсетеді" подкастында қиын кезеңдерді бастан өткергенін айтқан еді. Оның қазір күзетші болып жұмыс істейтіні белгілі болды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

