Илон Масктың SpaceX компаниясы әлемдегі ең қымбат стартапқа айналуы мүмкін

Фото: Getty Images
Илон Масктың компаниясы өз акцияларын қайта сату бойынша жаңа мәмілені бастады. The Bell дерегінше, бір акцияның бағасы – 400 доллар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Егер келісім жүзеге асса, SpaceX әлемдегі ең қымбат стартапқа айналады. Компанияның нарықтық бағасы 750–800 млрд доллар деңгейіне жетуі мүмкін. Қазір бұл рекорд 500 млрд доллар бағаланған OpenAI-ға тиесілі.
Бұған дейін, шілдеде өткен екінші реттік сауда кезінде SpaceX акциясы 212 доллар болып бағаланған еді, ал компанияның жалпы құны шамамен 400 млрд доллар болған. Масктың өзге бизнесімен салыстырғанда, SpaceX қазір қарқынды өсіп келеді: ол зымыран саласында жетекші орын алады, ал Starlink спутниктік қызметінің 8 млн-ға жуық белсенді пайдаланушысы бар, деп жазады WSJ.
Жаңа мәміле жарты жыл сайын өтетін стандартты тендерлік бағдарлама аясында жүріп жатыр. Онда компания қызметкерлері мен ерте инвесторлар өз акцияларын сатып, табысын тіркей алады – SpaceX 25 жылға жуық уақыт бойы жеке компания болып қалса да.
Әлемдік БАҚ мәліметінше, көптен күткен IPO 2026 жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік