Илон Масктың компаниясы адам өлімі бойынша сотқа тартылды
Фото: Bloomberg
Әйгілі миллиардер Илон Масктың компаниясы Майамидегі сот алдында жауап береді. Tesla компаниясы 2019 жылы Tesla Model S автопилот жүйесі жол жиегіндегі жол талғамайтын көлікті танымай, соның салдарынан көлік жүргізіп келе жатқан әйел мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Үш аптаға созылатын сот процесінде апаттан қаза болған әйелдің отбасы мүшелері, Tesla инженерлері мен көлік қауіпсіздігі бойынша сарапшылар Майамидегі федералды сотта куәлік береді.
Шетелдік БАҚ сондай-ақ Илон Маскқа тиесілі компанияның соңғы жылдары автопилот жүргізушіге көмек көрсету жүйесіне қарсы бірнеше сот процестеріне тап болғанын жазады. Бұл талап-арыздардың барлығы қысқартылды немесе аяқталды.
Tesla жүргізушісіз таксиді сынақтан өткізіп жатыр
Илон Масктың Техастағы Starbase ғарыш базасы қала мәртебесін алмақ
Соңғы талап 2019 жылдың сәуірінде ақаулы автопилоты бар Tesla Model S седанының қатысуымен болған апатқа қатысты. Арызды жол апатының құрбаны болған Нейбель Бенавидес пен ауыр жарақат алған оның жігіті Диллон Ангулоның отбасы берді. 22 жастағы колледж студенті Бенавидес мен Ангуло жол талғамайтын көліктің жанында тұрғанда Джордж Брайан МакГи тізгіндеген Тесла соғып кеткен.
Сондай-ақ алқабилер Джордж Мейсон университетінің профессоры Мэри Каммингстің сарапшылық айғақтарын тыңдайды. Ол 2021 жылы Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасының қауіпсіздік жөніндегі аға кеңесшісі болып тағайындалды. Ол бұрыннан Tesla-ның автоматтандырылған жүргізу жүйелеріне күмәнмен қарайды.

"Екінші Перизат Қайрат": Қазақстандық блогерге алданған 100-ден аса адам 1 миллиард теңгесін қайтара алмай жүр
