Илон Масктың анасы Қазақстанға келіп, тұсау кесті
Алматыда өткен Орталық Азия әйелдерінің форумына әйгілі бизнесмен, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзеева желідегі парақшасында жариялады.
“Бұл таңғажайып әйел – Илон Масктың анасы. Ол – өнертапқыш баланы дүниеге әкелген ана ғана емес, сондай-ақ кәрілікке қатысты стереотиптерді бұзған әйел. Өмір сүрудің моделіне айналған адам”, – деп жазды мәслихат депутаты.
-
Илон Маскқа тиесілі Neuralink екінші науқастың миына чип орнатты
-
Илон Маск тағы да миллиардерлер тізімінде бірінші орынды иеленді
Одан кейін Мэй Маск Қазақстанға құр келіп қана қоймай, қазақтың салт-дәстүріне куә болды. Ол тұсау кесіп, бүлдіршіннің алғашқы қадамына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, жұлдызды әйел Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптар музейін де аралады. Экскурсия кезінде "Steppe Sons" модерн этно-джаз тобы қонақтарға өнер көрсетті.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды