Илон Маскты Ақ үйде ұрып тастаған – БАҚ

Фото: Fox News
Америкалық миллиардер Илон Маскты АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент ұрып, көзін көгерткен. Олардың арасындағы жанжал Ақ үйде орын алыпты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Washington Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақ үйде болған жанжал туралы Дональд Трамптың экс-кеңесшілерінің бірі айтып берді.
Сәуірдің ортасында Маск пен Бессент президент кабинетіне кіріп, шенділердің бірін тағайындауға қатысты пікірін айтуға тиіс болыпты. Бірақ Трамп Бессенттің айтқанын орындаған.
Экс-кеңесшінің сөзінше, Бессент пен Маск кабинеттен шығып, дәлізбен кетіп бара жатқанда бір-бірін балағаттай бастаған. Сондай-ақ қаржы министрі миллиардерді "алаяқ" деп атаған көрінеді.
"Кейін Маск "регби ойнындағыдай" иығымен Бессентің кеуде тұсынан ұрған. Ал Бессент жауап қайтарып, Маскқа жұдырық ала жүгірді. Бірнеше адам араласып, оларды ажыртып алған", – делінген хабарламада.
Дәл осы кезде Маск пен Трамптың қарым-қатынасы ушыға бастапты.
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"