Трамп тележүргізушіні қорғаныс министрі етіп, Маскты департамент басшысы етіп тағайындамақ
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өзінің әкімшілігі мен үкіметіндегі маңызды лауазымдарға адамдарды тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Илон Маск пен бизнесмен Вивек Рамасвами жаңадан құрылған үкімет тиімділігі департаментін басқармақ. Жаңа орган мемлекеттік шығындарды, мемлекеттік аппараттың көлемін қысқартуы керек.
"Осы екі ұлы америкалық тұлға менің әкімшілігіме мемлекеттік бюрократияны жоюға, артық ережелерді қысқартуға, ысырапшыл шығындарды азайтуға және федералды агенттіктерді қайта реттеуге жол ашады", – деді Трамп.
Ал қорғаныс министрі ретінде Fox News арнасының жүргізушісі Пит Хегсетті кандидатурасын ұсынды.
Фото: Michael Brochstein, Global Look Press
"Пит – "Әуелі Америкаға" қағидасына сенген күшті, ақылды адам... Пит тізгінде болса, Американың жаулары сескенеді. Өйткені біздің әскеріміз қайтадан керемет болады және Америка ешқашан шегінбейді", – делінген мәлімдемеде.
44 жастағы тележүргізуші Пит Хегсет АҚШ ұлттық гвардиясының ардагері, Ауғанстанда, Иракта және Гуантанамода, Кубада қызмет еткен. Хегсет Fox арнасында 2014 жылдан бері жұмыс істейді.
Трамп ЦРУ директоры етіп Трамптың бірінші мерзімі кезінде ұлттық барлаудың директоры болған Джон Рэтклиффті таңдады. Рэтклифф 2019 жылы бірінші импичмент рәсімі кезінде президенттің негізгі қорғаушысы болды.
Фото: Huffpost.com
АҚШ ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші лауазымын өкілдер палатасының республикалық мүшесі Майкл Уолтц иеленуі керек. Уолтц бұрын Ауғанстанда ұрыс қимылдарына араласқан, Ақ үй мен Пентагонның саяси кеңесшісі қызметін атқарған.
Оңтүстік Дакота штатының губернаторы 52 жастағы Кристи Ноем ішкі қауіпсіздік министрі болады. 2019 жылдан бері Ноем Трамптың жақтаушысы ретінде көрінді. Ол масканы мәжбүрлеп кию сияқты қауіпсіздік шараларына қарсы болды. Ноем Трампты заңсыз иммиграция мен мигранттарды депортациялауға қатысты саясатын қолдайды.
Арканзас штатының бұрынғы губернаторы Майк Хакаби АҚШ-тың Израильдегі елшісі қызметіне сайланды. Өзінің бүкіл мансабында Хакаби Израильді, соның ішінде елдің Батыс жағалауына деген талаптарын да белсенді түрде қорғайды.
Нью-Йорк конгресінің бұрынғы өкілі Ли Зельдин қоршаған ортаны қорғау агенттігін басқаруға тағайындалды.
Том Хоман иммиграция және кедендік бақылау департаментінің директоры болып сайланды.