Илон Маск адам миына көру қабілетін қалпына келтіретін чип орнатпақ

Илон Масктың Neuralink компаниясы алдағы жылы зағип адамға толығымен көру қабілетін қайтаруға көмектесетін алғашқы чипті миға енгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Fox News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Илон Маск Blindsight деп аталатын гаджет мидың көру қыртысымен тікелей байланыстырылатынын атап өтті. Компания бұл іс алдағы 12 айда ілгері жүрді деп күтуде.
Масктың айтуынша, Neuralink-те тағы бірнеше дамытып жатқан жобалар бар. Мысалы, болашақта компания омыртқаның зақымдануы бар науқастарға жүру мүмкіндігін қалпына келтіруге көмектеспек.
Сәуір айының соңында Илон Маск алдағы бес жыл ішінде робот хирургтар адамдардың орнын баса алатынын жеткізді. Кәсіпкердің айтуынша, оның Neuralink компаниясы адам миының тіндеріне электродтарды енгізу үшін робот-хирургті қолданған.
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін