Ильинді масқаралаған қазақстандық ауыр атлет Седовтың өзі де допинг дауына ілікті
ҚР ҰОК-ге Владимир Седовтың допинг-сынамасынан тыйым салынған заттың бар екені туралы ескертілген хат келді.
Бұл туралы ProsportKz.kz хабарлайды.
Тыйым салынған заттар Бейжіңдегі 2008 жылғы Олимпиада ойындарында алынған сараптамалардан табылды. Еске сала кетейік, Владимир Седов ол кезде 85 кг дейінгі салмақ дәрежесінде төртінші орынға ие болған еді.
Тергеу қорытындысы Владимир Седовтың «А» сынамасынан станозолол болғанын көрсетті. Келесі аптада «Б» сынамасы тексеріледі.
Атап өту керек, 2006 жылы Ауыр атлетика бойынша халықаралық федерация (IWF) Седовты спорттық қызметтен шеттеткен. Ол кезде қазақстандық штангашы 2008 жылдың 18 мамырына дейін жазасын өтеді.
Сондай-ақ Мария Грабовецкаяның 2008 жылғы Олимпиадасындағы сынамадан да тыйым салынған зат табылды. Грабовецкая ол ойындарда қола медальға ие болған.
Талқылау