ІІМ жүргізуші куәлігін ауыстыру бағасы 20 мың теңгеге өсетіні туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Елімізде жүргізуші куәлігін ауыстыру құны 1 шілдеден бастап 20 мың теңгеге өсетіні туралы ақпарат тараған еді. Өз кезегінде полициядағылар бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ведомство мәліметінше, жүргізуші куәлігін алмастыру үшін төленетін мемлекеттік баж көлемі өзгерген жоқ.
«Мемлекеттік баж айлық есептік көрсеткіштің 125 пайызын, яғни 3 006,25 теңгені құрайды», – делінеді хабарламада.
Сонымен қатар жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін кез-келген уақытта арнайы ХҚКО-ға бару керектігін айтты. Егер құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетсе, қосымша медициналық тексеруден өту қажет.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушыысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”