"Иығымның сіңірі үзілді": Зарина Дияс өзінің денсаулығына байланысты мансабын тоқтатқанын ашық мәлімдеді
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс неліктен спорттық мансабын аяқтай жаздағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зарина Дияс физикалық және психикалық денсаулығына қатысты мәселелерін Instagram желісінде тікелей эфирде денсаулық сақтау маманы Мақпал Кәрібжановаға бөлісті.
"Екі жыл бұрын, 28 жасымда мен мансабымды тоқтатуға тура келді. Осы жылдар ішінде созылмалы ауруым қатты асқынды. Бұл тек физикалық қысымнан бөлек психологиялық тұрғыдан қиын. Сонымен қатар өзім де уайымшыл адаммын. Қиналып, қатты күйзелдім. Теннисте біздің рейтингтеріміз апта сайын жаңартылып отырады, бұл – жарыс. Апта сайын ұпай жиналады, бұл кәдімгідей жарыс. Ал сіз өзіңізге үнемі қысым жасайсыз, әрқашан жеңгіңіз келеді. Әрине барлық жеңілісті қабылдай алмадым. Көңіл күйім түсті, жыладым, бұл "ақыр замандай" болып сезілді. Ал елестетіп көріңізші, сіз Новак Джокович болмасаңыз, апта сайын жеңіліске ұшырайсыз. Сонда да апта сайын турнирлерді ұтып алу мүмкін емес", – деді Зарина Дияс.
Теннисшінің айтуынша, оның денсаулығына байланысты проблемалар туындады. Бұл оның толық жаттығуға және жарыстарға қатысуына кедергі болды.
"Менде денсаулығым нашарлай бастады. Қиналғаным соншалық ойнағым келмейтінін айттым. Менде асқазан проблемалары басталды. Ауруым асқынып кетті. Әрине, біз бірден барлық дәрігерлерге, Лондонға, Стамбулға, Германияға бардық. Біз барлық сынақтар мен зерттеулерді жасай бастадық. Бірақ олар маған ештеңе айта алмады", деді теннисші. Зарияна Диас асқазанында жара немесе қатерлі ісік бар деп ойлаған. Өйткені ауырсыну шыдатпады.
Бірақ дәрігерлер маған ол жерде ондай ештеңе жоқ екенін, Хеликобактерден емделейік деп айтты. Олар маған бір ай антибиотик жазып берді, содан кейін мен өзімді одан да нашар сезіндім. Тіпті тамау жеуге де қорықтым. Жегенімнің бәрі ішімді күйдірді. Су ішсем де асқазаным өртеніп жатқандай болды. Қайнатылған тауық пен күріш жедім. Бұдан кейін арықтап, 10 келіге жуық салмақ тастадым. Жаттығуға күшім жетпеді. Ұйқысыздық мазалады. Шарасыздықтан түрлі ойлар келіп, күйзеліске түстім. Күні бойы ешнәрсе істемей, қимылдамай жата бердім. Бұдан бөлек коронавирусты да жұқтырдым. Бәрі бірінен кейін шиелінісе кетті. Осыдан кейін иығымда да мәселе пайда болды. Ағзамда қажет дәрумендер болмағандықтан әлсіреп, сіңірім үзілді. Осылайша екі жыл бойы қиналып жаттым", – деп Зарина Диас ағынан жарылды.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Зарина Дияс кортқа қайта оралатынын жазған едік. 29 жастағы Зарина Дияс соңғы 1,5 жылда тек 2 матч қана өткізген. Australian Open-2022 жарысының алғашқы айналымында ол отандасы Елена Рыбакинаға есе жіберген еді. Ал Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысында ұтылып қалды.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды

