Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ІІД: Балтамен қаруланған қылмыскер Kaspi Bank бөлімшесінен шамамен 23 миллион теңгені қолды қылды

Полиция Шымкент қаласындағы Kaspi Bank бөлімшесінде орын алған тонау әрекетінің жай-жапсарын мәлімдеді.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Шымкенттегі Kaspi Bank бөлімшесіне жасалған қарақшылық шабуылға бір адам қатысқан. Ол қомақты көлемдегі қаражатты қолды қылған, – деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы полициясы.

Мекемеде хабарланғандай, банктің «дабыл тетігі» жұма күні кешкі сағат 19.40-та іске қосылған. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жеткенде, қылмыскер із суытып үлгерген.

Банк қызметкерлері бетперде киген белгісіз адамның бөлімшеге кіріп, жарылғыш пакетке ұқсайтын затты жерге лақтырғанын айтқан. Жарылғыш пакет түтіндегеннен кейін, қылмыскер балтамен сес көрсетіп, ақша талап еткен.

Ұрлықшы банк кассасынан шамамен 16 миллион теңге, 23 мың АҚШ доллары (шамамен 7 миллион 700 мың теңге) және 8 мың 500 ресей рублін қолды еткен. Осы сәтте қызметкерлердің бірі «дабыл тетігін» басып үлгерген.

Тонау әрекетіне қатысты 192-баптың 4-тармағы бойынша (топ адамға қарақшылық шабуыл) қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктінің тұлғасын анықтау және тұтқындау мақсатындағы барлық іс-шараны қолған алған.

Соңғы жыл ішінде Kaspi Bank бірнеше рет қарақшылық шабуылға ұшыраған.

Бұған дейін 22 тамызда Талғар қаласындағы банк бөлімшесіне шабуыл жасалған. Қос қылмыскер банк кассасынан 40 миллион теңгені қолды қылған. Банк қызметкерлерінің арасында зардап шеккендер жоқ, бөлімшеде клиенттер болмаған. Қылмыскерлер әлі күнге дейін тұтқындалмады.

2016 жылдың 2 қыркүйегінде қарулы ер адам Алматы қаласында Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан Kaspi Bank бөлімшесіне басып кірген. Қылмыскер бөлімшеде атыс қаруын қолданғанымен, ешкім зардап шеккен жоқ. Банк қызметкерлері бірден «дабыл тетігін» іске қосып, құқық қорғау органдарына оқиға жайлы хабар берген. Қолды болған қаржы көлемі аталмады.

2016 жылдың 4 тамызында Астана қаласындағы Kaspi Bank бөлімшесіне медициналық бетперде киген ер адам кірген. Киімінің ішіне жасырылған жарылғыш затты іске қосатынын айтып, сес көрсеткен қылмыскер кассадан 130 мың теңге және 80 АҚШ долларын қолды қылған. Банк клиенттері мен қызмектерлері зардап шеккен жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Өлгендер қатарына қосылған шымкенттік өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүр

Павлодар оқушылары барлығынан ақылдырақ болып шықты

Алматы облысында жертөледе тұратын бес балалы отбасыға имамдар үй салып берді

ҚР президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды

Талқылау