Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иесіне махаббатын дәлелдеу үшін күн сайын жапырақ әкеліп жүрген мысық көпшілікті сүйсіндірді (фото)

Балу атты кішкентай мысықты Бэнге оның сүйіктісі сыйлаған. Бірақ жігіт мұндай жауапкершілікке дайын емес екенін айтып, мысықты қайтарып берген, деп хабарлайды Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Алайда дәл сол күні кешкілік уақытта Бэн өз қателігін түсініп, мысықты қайтып алған.

Мұнан кейін мысық күнде таңертең көшеге шығып кетіп, иесіне өзі ұстаған жануарларды тірі күйінде әкеліп беріп отырған.

«Күн сайын менің бетімде торғай, тышқан немесе басқа да кеміргіш жататын. Мұның таңғы ас не сыйлық екенін түсінбедім. Бірақ біраз уақыттан кейін қатты ашуланып, әкелген жануарын жібере салдым. Ал Балудан ендігі мұндай сыйлық жасамауын сұрадым», – дейді Бэн.

Бір қызығы, мысық иесінің айтақынын түсінсе керек, үйге жануарларды алып келуін доғарыпты. Есесіне оның орнына жапырақтар мен бұтақтар әкеле бастайды. Мысықтың бұл әрекетіне іші жылыған Бэн оның сыйлықтарын сақтап қойыпты.

«Көзіңді ашып, сен үшін таңдап сыйлық әкелген мысықты көру – сондай бақыт. Мұндай болады деп ешқашан ойламаппын. Бұл сондай тамаша көрініс», – дейді Бэн.

Сондай-ақ, Бэнді мысығының күн сайын әр түрлі жапырақ алып келетіні таңдандырыпты. Ол өмірінде Балу пайда болғаннан кейін әр таңы бақытпен басталатынын мойындады.

Оқи отырыңыз:

Бейсаналы түрде жасап, өміріміздің күл-талқанынын шығаратын ең маңызды 4 әрекет қандай? 

Қытайда тағы бір марапатқа ие болған Димашқа көрермендер ән айтқызбай қойды (видео)

50 жыл бірге: Димаштың атасы мен әжесі Ақтөбеде алтын тойларын дүркіретіп тойлап жатыр (фото, видео)

Бүркіттің жұбайының туған күніне орай жасаған сыйлығы көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Талқылау