Иерусалимнің аялдамаларында екі жарылыс болды: Полиция оқиғаны "теракт" деп бағалады
23 қараша күні таңертең Иерусалимнің аялдамаларындағы жарылыстардан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Newsru.co сайтына сілтеме жасап.

Шамамен 15 адам жарақат алды.
Бірінші жарылыс таңғы сағат 7-де орталық автобекеттің жанында орын алды. Екінші жарылыс көп ұзамай жарты сағаттан кейін Рамот қиылысында болды.
Израиль полициясы Иерусалимдегі жарылыстың әртүрлі нұсқаларын, соның ішінде террористік актіні қарастыруда.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, бірінші жарылыс салдарынан кемінде он адам жараланған, олардың төртеуі ауыр жағдайда.
Сағат 8:00-де полиция автовокзалдар мен аялдамаларды жауып, жарылғыш құрылғыларды іздей бастады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"