Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иелері ескі көліктерін өткізіп 150 мың теңгеге дейін өтемақы ала алады

2016 жылғы 3 қазанда ҚР энергетика министрлігінде нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, өндірушілердің және импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру мәселелері бойынша құқық қолдану практикасын іске асыру барысын бақылау жөніндегі жұмыс тобының отырысында Қазақстанда құтыны, электр, электрондық жабдықтарды (тұрмыстық техниканы, люминесцентті және сынапты шамдарды, сондай-ақ тоқтың химиялық көзін) жинау мен кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді компенсациялау механизмін енгізу жөнінде шешім қабылданды.

автохлам1510

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаны іске асыру үшін 2016 жылы «ӨКМ Операторы» ЖШС-ына бөлінген жалпы ақша сомасы – 1 миллиард 250 мың теңге.

Бұл жоба іске қосылғаннан кейін ескі көлік иелері темір тұлпарларын тапсырып, 150 мың теңгеге дейін өтемақы ала алады.

Қазіргі кезде «ӨКМ Операторы» ЖШС ҚР Энергетика министрлігі және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе жобаны іске асыру шарттарын пысықтап жатыр, оған сәйкес аталған қатты тұрмыстық қалдық (ҚТҚ) тізімін жинау және қайта өңдеу бойынша кәсіпорындар ақшалай өтемақы алатын болады.

Бағдарламаға қатысудың міндетті шарты – жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды жүзеге асыруға қуатты болуы керек. Жобаға қатысуға үміткерлер ҚР аумағында өзінің қызметін жүзеге асыруға міндетті, кәсіпорындар экологиялық нормаға және технологиялық стандарттарға сәйкес болуы тиіс.

Аталған іс-шараны іске асыру үшін жұмыс тобының шешімі бойынша ӨКМ таралатын тауарлардың тізімі кеңейтіледі. Атап айтқанда, тізімге төмендегілер енгізіледі: құты, электр, электрондық жабдықтар (люминесцентті және сынапты шамдарды, сондай-ақ батареяларды қоса алғанда). Бұл ретте кәдеге жарату алымы тауардың белгіленген түрлерін өндірушілерден және импорттаушылардан кәдеге жарату инфрақұрылымы қалыптасқанға дейін алынбайды. 2016-2017 жылдары ішінде кәдеге жарату төлемінің мөлшерлемесі «0» теңгені құрайды.

Сонымен қатар жоба аясында жұмыс тобы Қазақстанның ірі қалаларында қалдықтардың аталған түрлерін бөлек жинауды енгізуді ұсынды. Бұл мақсатқа «ӨКМ Операторы» ЖШС тұтас және желілік люминесцентті шамдарды, сынапты термометрді, сондай-ақ батареяларды жинау үшін 500-ге жуық контейнерлер сатып алуды жоспарлауда.

Бағдарламаның артықшылықтарына төмендегілер жатады: батареялар, электр және электрондық жабдықтар секілді қауіпті қалдықтардың полигондарға тиюін болдырмау, ҚТҚ көмудің көлемін азайту, экологиялық әл-ауқатты жақсарту, тауар өндірушілерді қайталама шикізатпен қамтамасыз ету.

Бұдан басқа, әзірлеушілер жобаны іске асыру жаңа қуатты жасау және Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдейтін салаларды алдағы уақытта дамыту саласында шағын және орта бизнесті қолдауға мүмкіндік береді деп есептейді.

Белгіленген мақсаттарға жету бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, сондай-ақ мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасын нығайту жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындауға маңызды қадам болып табылады.

Қалдықтардың аталған түрлерін өркениетті кәдеге жарату өткізілетін іс-шаралардың тартымдылығын және нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жіберіп алмаңыз: 

Жолаушыға кәуәп шанышқысын тығып өлтірген ҚТЖ жолсерігі сотталды

Құрылыс компаниясының директоры қазақстандық үлескерлердің ақшасына Түркиядан қонақ үй алған

Қазақстандықтарға жеке куәлігін ауыстыруға тура келуі мүмкін

Босанған ана мен сәбидің таңғажайып аман қалуы: отаны Қазақстандық дәрігерлер жасаған

Талқылау