"Әулиелер жатқан жерде дұға еттім": Қарақат Әбілдина ел тыныштығы үшін құрбан шалды
Қарақат Әбілдина Түркия жерінде әулие жерлерді аралап, зиярат етіп қайтты. Ел тыныштығы үшін қошқарды құрбандыққа шалып, бата алғанын айтады. Пайғамбардың (с.ғ.с) ұрпағымен кездесіп, алған әсерімен бөлісті.
“Елдегі жағдайдың алдында іссапармен Түркияға ұштым 1 аптаға. Келіп алған соң, телефонды бағып тек жаңалық қараумен болдық. Керекті кездесулер өтіп, құжаттарға қол қойдым. Бірақ көз құлақ, жүрек бәрі ел жақта болды. Ішім ішіме сыймай, жылап та алдым. “Уайымнан у іштім” деген екен ақын. Тура сол, не жеп, не қойғанымызды білмей, уайым басты. Сонда жақын достарымыз: “Қарақат, осы жақта Конья деген қала бар. Әулиелер өткен, Мәулана Жалаладдин Румидің кесенесі, Ахмет Ясауидің шәкірттерінің жатқан жері, діни білімнің ордасы. Арнайы зиярат ниетімен барып, ел үшін дұға етейік?!” деді. 6-7 сағаттық жол екен. Күн жауын. Ұсыныс көңілге қона кетті. Бісмәллә деп, таңмен жолға шықтық. Жол бойы бір ерекше күйдеміз. Көңілдің босағаны ай… Ана жердегі аураны, энергияны сөзбен айтып жеткізе алмаймын- ау! Руханияттың иісі”, – деп жазды әнші.
Әнші Мәуләна Джалалуддин Руми кесенесін барып, ерекше әсерде қалғанын айтады. Ел тыныштығы үшін деп құрбан шалып таратқанын жеткізді. Ұстаздардың батасын алды.
“Румидің рухани ұстазы – Шамсуддин Мухаммад Тибризи, Мухаммад Садруддин АльКоньяуи мешіті - Құран оқып, дұға етіп, зияратымызды жасадық. Сол жерде “Ел амандығы үшін” деп үлкен қошқарды құрбандыққа сойғызып ниет еттік те, етін сол жердегі үлкен діни ошақ- медреселерде ілім-білім алып жатқан қазақ отбасыларына үлестірдік. Алла қабыл еткен болсын”, – деді әнші.
Қарақат ханым бұл жерге танымал адамдардың жиі келетінін ескертті. Көпшілігі зиярат етіп, Құран оқып, дұға етеді. Әнші елде бейбіт заман болсын деп тілек етті.
“Сонан соң анасы жағынан да, әкесі жағынан да тікелей Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ұрпағы әкесі Хасан р.а. дан, анасы Хусеин р.а. дан тараған, үлкен ғұламалардың бірі, ақида, фиқһ, ихсан жайлы 9 кітап жазған, Мухаммад Баhауддин Аз-Зуғби ұстазға арнайы барып амандастық, батасын алдық. Пайғамбарымыздың ұрпағын көзбен көру, есту де нәсіп болған екен”, – деді Әбілдина.
Желідегі оқырман мен әріптестері қабыл болсын десіп жатыр.
“Ниет қабыл болсын” деп жазды Жазира Байырбекова.
“Дұға-тілектерің қабыл болып, аман-есен елге оралуыңды Алла нәсіп етсін” деді Алтынай Жорабаева.
“Әмин, жаным, тілегің қабыл болсын, аман-есен елге жет” деді Мәдина Сәдуақасова.
“Тілектеріңіз қабыл болғай!” деді Света Айтбаева.