"Хутор бандасы" шынымен бар ма: Шерзат Полат ісі бойынша сотта күдікті жауап берді
Видеодан скрин
Шерзат Полат ісі бойынша сотта күдікті "Хутор бандасы" туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот барысында адвокаттардың бірі күдіктілерден "Хутор бандасының" шынында бар-жоғын сұрады. Бұл сұраққа айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев жауап берді.
"Біздің ауыл Тұрар Рысқұлов ауданына қарайды, атамыз сол жерде туып өскен. Бұрын бұл жерде көп орыс ұлтының өкілдері тұрған. Сол себепті ауылды "Хутор" деп атап кеткен. Кейін құрылыс көп болғандықтан, ауылды 'Бригада' деп атай бастады. Мен өзімді ешқашан "хуторский-95" деп айтқан емеспін", – деді Нұрбол Тоқтаубаев.
"Хуторлықтар" десе бәрі қорқады": Нұрымов жанжал кезіндегі алып шыққан пышағы туралы айтты
"Хутор" бандасының басшысы деп танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеу аяқталды
Айта кетейік бұған дейін марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотта Нұрбол Тоқтаубаев өзін "хуторлықпын" деп таныстырғанын мәлімдеген еді. Алайда айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев мұндай мәліметті жоққа шығарып, өзін ешқашан "хуторлықтар" деп аталатын топпен байланыстырмағанын айтты.
"Мен ешқандай бұзақы емеспін, әрі өзімді ешқашан "хуторлықпен" деп таныстырған да емеспін", – деді Нұрбол Тоқтаубаев соттағы жауап алу кезінде.
Айта кетейік, Нұрбол Тоқтаубаевқа "бұзақылық" бабы бойынша айып тағылған. Айыпталушылар қатарында оның туған бауыры – Азамат Тоқтаубаев та бар.
Шерзат Полат ісі бойынша бүгінгі сот отырысында күдікті Нұрбол Тоқтаубаевтан жауап алынып, ол аталмыш жағдайға жәбірденушілердің өзін, яғни Қаржаубай Нұрымов пен Нұрғанат Ғайыпбаевты кінәлады. Күдіктінің сөзінше, Нұрымов оларға қайта-қайта пышақ сермеп, өзін агрессивті ұстаған.

Қай айларда шетелге саяхаттау арзан
