Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаттығу, ұйқы, денсаулықты бір сағат арқылы бақылаңыз: HUAWEI WATCH GT 6 Pro сағатын қаншалық тиімді қолдануға болады?

Huawei компаниясы кәсіби әрі әуесқой түрде спортпен шұғылданатын адамдарға тиімді құрылғы болатын, қуаты 21 күнге жететін, HUAWEI WATCH GT 6 Pro сағатын шығарды. Stan.kz ақпарат агенттігі сағатты бірнеше күн тағып, қолданып, функцияларын шолып шықты.

Дизайны

HUAWEI Watch GT6 Pro – сапалы материал мен заманауи дизайнды ұштастырған премиум деңгейдегі смарт сағат. Оның корпусы титан қоспасынан жасалған, сондықтан сағат жеп-жеңіл әрі берік. Мысалы, адам жүгіргенде, жаттығу жасағанда, билегенде, серуендегенде тақса, білегі талып кетпейді. Ал экраны сапфир әйнегімен қапталып, жиектері ұқыпты өңделіпті. Бұл сағатты заманауи әрі қымбат етіп көрсетіп тұр.

Оған қоса сапфир әйнегінің арқасында адам жаттыққанда қолын қатты сермеп, қозғалтса да, сағатқа сызат түсіп, сырылып кетпейді. HUAWEI Watch GT6 Pro сағатының дизайны спортпен шұғылданғанда ғана емес, күн сайын тағып жүргенге ыңғайлы, кез келген киіммен үйлесетін етіп жасалған. Тіпті, кеңседе де, ресми іс-шараларда да әдемі костюмге немесе көйлекке аксессуар етіп тақса да, жарасады. Сағаттың үш түрі бар: қара, қоңыр, титан. Біз қоңыр түсін тағып көрдік. Қоңыр түсі арудың қолына жарасып, білегін нәзік ете түседі екен.

Бауы

HUAWEI WATCH GT 6 Pro сағатының бауы үш түрлі нұсқада шығарылған. Қара түріндегі фторэластомер бауы жұмсақ, суға төзімді. Оны күнделікті өмірде, спортпен айналысқанда тақса да, білекті терлетпейді. Табиғи әрі жылы қоңыр түстегі сағаттың бауы өрілген. Бауы, түсі қоңыр мен титан сағаттар “оверсайзға да”, классика үлгісіндегі киімге де сай келеді. 

Қоңыр сағаттың бауы магнит сияқты. Қолға таққанда білектің өлшеміне бейімделген соң, баудың қалған бөлігі оралып жабысады да, сағат бірден мықтап бекітіледі.

Экраны

Huawei бұл жолы HUAWEI WATCH GT 6 Pro сағатына ерекше мән берген. Экран бұрынғы үлгілерге қарағанда үлкен әрі жарық. AMOLED технологиясы бойынша экраны – 1,47 дюйм. Далада күннің астында тұрғанда да сағаттан уақытты, жазуларды, белгілерді анық көруге болады.

Сонымен қатар бұл сағат шаң-тозаңға, суға да төзімді. Жаңбырдың астында қалғанда да сағат үшін уайымдаудың қажеті болмайды. Сағаттың сенсор экраны саусақты жақсы сезеді әрі тез істейді. Ал қажет болмаған сәтте экран өзі сөнеді де, қуатты үнемдеп, артық әрекеттерден сақтайды.

Бір сағатты 100-ден астам спорт түріне қолдануға болады

HUAWEI WATCH GT 6 Pro – спортты жақсы көретіндерге арналған ыңғайлы сағат. Онда 100-ден астам спорт түрі бар: жүгіру, серуендеу, велосипед, йога, гольф, шаңғы және тағы басқа. Қай спорт түрін таңдасаңыз да, сағат қолданушының жаттығуын бақылап, нәтижені нақты көрсетіп отырады. Мысалы, сағат иесі шаңғы тепсе, қанша шақырым жүргенін және оған қанша уақыт кеткенін есептеп көрсетеді. Жүгіріп жүрген адамның қандай жылдамдықта, қанша шақырымды және қанша уақытта жүгіргенін анықтайды.

Оны су астында да тағып жүруге болады: сағат 40 метр тереңдікке дейін суға төзімді. Сағатты тек спортпен айналысқанда ғана емес, би сияқты белсенді іспен айналысатындарға да, күнделікті тағып жүруге де тиімді.

Денсаулықты бақылауға мүмкіндік береді

Құрылғы арқылы адам өз денсаулығын бақылай алады. HUAWEI WATCH GT 6 Pro сағатты таққан адамның жүрек қағысын, ұйқы сапасын, қан қысымын, жүрек-қан тамырлары жүйесін өлшеп, ақпарат беріп отырады.

Мысалы, ЭКГ функциясы жүрек соғысын жазып алып, нәтижесін қосымшада көрсетеді. HUAWEI WATCH GT 6 Pro-да SOS режимі де бар. Адам құлап қалса немесе өзін жайсыз сезінсе, сағат автомат түрде көмек сұрау үшін жақын адамға хабарласуға мүмкіндік береді.

Адам жай-күйіне де мән береді

HUAWEI WATCH GT 6 Pro адамның көңіл-күйін де байқылайтын қызмет қосылған. Сағат адамның 12 түрлі эмоциясын таниды және әрқайсысын әртүрлі түспен көрсетеді. Адам құлазып немесе күйзеліп тұрса, кеңестерін береді. Тіпті, сағаттың экранына шығатын сүйкімді панда қолданушымен бірге жаттығу жасайды.

Сағатта “эмоция дәні” деген бар. Қолданушы сағат арқылы дәннің қалай гүлдеп жатқанын, яғни көңіл-күй қалай құбылатынын қадағалай алады. Сағат экранының фонын өзгертуге мүмкіндік бар. Қолданушы көңіл-күйін көтеру үшін сағаттағы түрлі қызық, ерекше бейнелерді немесе галереясынан өзіне ұнайтын фотосын, видеосын қоюына болады. 

Смартфон қызметін орындайды

Адам билегенде, жаттыққанда, жүгіргенде, серуендегенде немесе кез келген белсенді әрекет кезінде қанша қажет болса да, смартфонын қолында ұстап жүре алмайды. Ал оны қайта-қайта қалтадан алып-шығарып отырған да ыңғайсыз. Ал HUAWEI WATCH GT 6 Pro сағаты смарфтонның көп қызметін орындай алады. Қолданушы смартфоны мен сағатын бір-біріне жалғап қойса, сағат арқылы қоңырауларды қабылдай алады, келген хабарламаларды оқи алады, диктофон ретінде пайдалана алады, музыка тыңдай алады, карта ретінде қолдана алады. Мысалы, адам жалғыз серуендегенде әдемі фонда суретке түскісі келсе, смартфонын бір қабырғаға не тасқа тіреп, өзі алыстан сағат арқылы камераны басқарып, суретке түсе алады. 

Қуаты 21 күнге дейін жетеді

HUAWEI WATCH GT 6 Pro сағатының қуаты өте ұзаққа жетеді. Мәселен, сағатты бір рет қуаттап, оны тек сағатты білу үшін және хабарламалар алу үшін қолдансаңыз, қуаты 21 күнге дейін жетеді. Ал күнде жаттығу жасағанда, ары-бері жүргенде, ұйқыңыз бен денсаулығыңызды бақылағанда сағаттың мүмкіндіктеріне жүгінсеңіз, 12 күнге дейін жетеді. Ал енді үнемі қолдансаңыз, сағат экраны үнемі қосылып тұрса, 7 сағатқа дейін жетеді. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. 

Қорыта айтқанда, HUAWEI WATCH GT 6 Pro – ұзаққа шыдайтын, дизайны ерекше, көп қызметті орындайтын сағат. Құрылғы адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, тәні мен жанын бақылап, белсенді өмір салтын ұстануға шабыт береді.

Жарнама құқығында

Наргиза Аршидин
Бейсенбі, 23 Қазан, 2025 09:30
Талқылау