Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хромтаулық зейнеткер дүкенге барғанда коронавируспен "ауыратынын" білген

Ақтөбе облысында Ashyq қосымшасындағы қате статусқа қатысты кезекті дау туды. Ешқайда шықпайтын зейнеткер өзінің коронавируспен "ауырып" жүргенін дүкенге барғанда білген. Қарт кісі ШҚО-да тұратын аттасының "Ашықтағы" қызыл статусын қателікпен иеленіп, азық-түлік ала алмаған. 


Бұл туралы Stan.kz "Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Мен зейнеткермін, жұмыс істемеймін. Ешқайда шықпауға тырысамын. Covid-19-бен ауырған емеспін", – деген қарт ана бірер күн бұрын басынан өткен хикаясымен бөлісті. 

"Ашық" қосымшасы жұмыс істейтін дүкенге бардым. Ол жерде мені ауру жұқтырған деп көрсетті. Барлығына хабарласа бастадым. СЭҚ-тің нөмірін тауып звондадым. Ондағылар: "Иә, сіз ауырасыз, ШҚО-да тұрасыз, деді. Қайдағы ШҚО? Мен Хромтаудамын, үйімнен шықпаймын! Мұны статистика үшін әдейі істей ме? Дүкенге бару қажет болмаса, "ауырып жүргенімді" білмейді де екенмін. 



Ондағы статусты қалай ауыстырамын? Сау екенімді қалай дәлелдеймін", – дейді ашынған Татьяна Клепикова. 

"Мүмкін бұл кісі ауру жұқтырған ШҚО тұрғынымен аттас шығар. Біз деректерді ШҚО-ға жібердік, онда әйелдің ЖСН-ін тексеріп, базадан алып тастайды. Егер осындай жағдайға тап болған басқа да адамдар болса, 55-77-37 нөміріне хабарласса болады", – деп хабарлады санэпидбақылау департаментіндегілер. 

Талқылау