Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көз жұмған әйелдің екі баласы бар: Хромтау шахтасындағы жарылысқа қатысты жаңа деректер белгілі болды

Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы “Дөң” тау-кен байыту комбинатының шахтасында жарылыс болып, бір адам қаза тапты. Оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Ұңғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан екі кенші жарылыс толқынының астында қалған. Бір жұмысшы оқиға орында көз жұмса, екінші кенші жарақат алды.  Ол Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Жағдайы тұрақты ауыр", – дейді дәрігерлер. 

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы жағдайдың себебі анықталып жатыр.  Аймақтық еңбек инспекциясының бөлім басшысы Қуаныш Қамиевтың айтуынша,  алдын ала болжам бойынша жұмысшылар қауіпсіздік техникасын бұзған. Қаза тапқан әйелдің жасы – 33-те, оның артында 15 және 13 жастағы ұлы мен қызы қалды.

“Отбасына 6 миллион теңге жәрдем береміз. Сонымен қатар компания жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектеседі. Балаларына бірінші қыркүйекке жәрдем береміз. Ұжымдық келісімшарт бойынша да көмек беріледі жыл сайын. Ал ауруханада жатқан жігітке жәрдем беріп жатыр. Ақтөбенің дәрігерлерімен байланыстамыз. Жағдайы жақсы болса, Ақтөбеге облыстық ауруханаға аударып, сол жақтан ем алады”, – дейді “Дөң” тау-кен байыту комбинаты директорының орынбасары Самат Серғазин. 

Талқылау