Хромтау қаласының әкімі пара алды деген күдікке ілінді

Фото: Хромтау ауданының әкімдігі
Хромтау қаласының әкімі Сағындық Шабықбаев пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақтөбе облыстық сотының санкциясымен шенеунік екі ай мерзімге қамауға алынды. Іс ҚР Қылмыстық кодексінің "Пара алу" бабымен тергеліп жатыр.
"Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр, өзге ақпаратты жариялауға жатпайды", – деп түсіндірді сот өкілдері.
Алматы облысында спорт басқармасының экс-басшысы Айбол Күлбаев пара алды деген күдікпен ұсталды
40 жастағы Сағындық Шабықбаев екі жыл бойы қала әкімі қызметін атқарған. Бұған дейін ол әкімнің орынбасары болған.
Еске салсақ, Ақмола облысында пара алды деген күдікпен кіріс департаментінің басшысы ұсталғанын жазғанбыз.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты