“Алғанынан 30 есе көп”: Хромтаудың бұрынғы әкімі пара алғаны үшін жазаланды

Хромтаудың бұрынғы әкімі Сағындық Шабықбаев пара алғанын мойындады. Алайда, шенеунік тек айыппұлмен шектелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оrda.kz порталына cілтеме жасап хабарлайды.
Іс қысқартылған тәртіпте қаралды. Айыптауда көрсетілгендей, әкімі болып тұрған кезде Сағындық Шабықбаев мердігерден тұрғын-үй және абаттандыру жұмыстарының орындалмаған актісін бекітпеуі үшін пара алған.
Сотта ол кінәсін мойындады.
"Мен өкінемін. Кінәмді толық мойындаймын. Айып ретінде айыппұл салуды сұраймын", – деді соттағы соңғы сөзінде.
Айыпталушы айыппұлды төлеуге қажетті қаражаты бар екенін де жеткізді.
Сот оған 12 миллион теңге айыппұл салды. Бұл пара сомасынан 30 есе көп. Мүліктерін тәркілеу туралы шешім қабылданбады. Бірақ мемлекеттік қызметте өмір бойына жұмыс істеу құқығынан айырылды.
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын. Тергеу кезінде қамалған уақыт есепке алынған соң, айыппұл – 11,3 миллион теңге", –деді судья.
Сағындық Шабықбаевқа 40 жас. Ол төрт баланың әкесі. Хромтау әкімі қызметіне 2023 жылғы қыркүйекте тағайындалған. Бұған дейін әртүрлі мемлекеттік қызметтерде жұмыс істеген.
Қостанайда енді денсаулық сақтау басқармасының орынбасары қамауға алынды
Экс-вице-министр Әділбек Сәрсембаев лауазымын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді
Еске салайық, бұған дейін 11 қарашада Хромтау әкімі Сағындық Шабықбаев сот санкциясымен екі айға қамауға алынғаны хабарланған еді. Тергеу қай бап бойынша жүргізіліп жатқаны ресми түрде айтылған жоқ, алайда бірқатар БАҚ оның пара алу бойынша күдікке ілінгенін жазған.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды