Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Honor X9c смартфонына сынақ: Құрылғы назар аударуға тұрарлық па?

Жақында жаңа Honor X9c смартфонын сынап көру мүмкіндігіне ие болдық. Шыны керек, құрылғы таңғалдырды. Бұл смартфон өзінің дизайнымен және сенімділігімен бірден назар аудартады. Дегенмен шынайы өмірде қаншалықты мықты? Олай болса, тексеріп көрейік.


Смартфонның ең мықты тұстарының бірі – оның камералары. 108 МП- дегі негізгі камера жарық жерде бейненің кішкентай бөліктеріне дейін анық әрі таза түсіреді. Түнде де сапа жаман емес: түнгі режимде камера артық шуды кетіріп, кадрларды жарығырақ түсіруге көмектеседі. 16 МП-дегі алдыңғы камерасы селфиді ұнататындардың көңілінен шығады. Жасанды интеллект кадрларды жақсартады. Бірақ ешқандай қосымша эффектісіз, бейне табиғи болып қалады әрі жасандылық әсері жоқ.

Құрылғыны өндіруші Honor X9c-тің екі метр биіктіктен құласа да, сынбай төтеп бере алатынын айтады. Әрине, біз оны балконнан лақтырып сынамадық. Дегенмен бақылап тұрып кафель еден мен мен мұзға бірнеше рет құлатқан кезде ешқандай зақым келмеді. Құрылғыдағы шыңдалған шыны шынымен мықты болып шықты. Телефон ойда жоқта тағы бір сынақтан өтті. Біз байқамай телефон жатқан үстелге су төгіп алдық. Суды сүртіп алған кезде ол толығымен жұмыс істеп тұрды. Оның суға төзімділігінің жоғарылығы көңілімізді жайландырды.

Экранда кескіннің керемет тегіс көрінетіні тіптен қуантады. Мұндай экранда әлеуметтік желілерді парақтап, бейнелерді көру, ойын ойнау ерекше ләззат сыйлайды. 

Айтпақшы, телефон экраны сыртта күн астында да мәтінді оқитын кезде анық әрі жарық көрсетеді. Ал қараңғы уақытта көзді қорғау режимін қосады. Бұл ұзақ қараған кезде көзге жүктемені айтарлықтай азайтады.

Honor X9c ішінде 12 ГБ дейінгі жедел жадты Snapdragon 6 Gen 1 процессоры бар. Бұл іс жүзінде жұмыс жылдамдығында сезіледі. Ойындар, қосымшалар немесе көп тапсырма кезінде бәрі бірден орындалады. Ал 512 ГБ дейінгі жад “орын бостау үшін нені кетірсем екен” деп ойландырмайды.

Батарея болса – телефондағы ең керемет ойлап табылған дүние. Смартфонды белсенді түрде күні бойы пайдаланғанның өзінде оның қуаты соңына дейін таусылған жоқ. Ол бірнеше сағат видео көрсек те, қоңыраулар, мессенджерлер кезінде де, тіпті ойын ойнағанда да шыдады. Ал батарея таусылса, жылдам қуаттау жүйесі телефонды тез қалпына келтіреді. Дегенмен оны толық қуаттау сәл ұзағырақ уақыт алады екен. Соған қарамастан құрылғы қуаты алдыңғы модельдерге қарағанда ұзаққа жететіндіктен мұны артықшылық деп есептесек те болады.

Смартфонда ешқандай нұсқаусыз-ақ негізгі функцияларды түзетіп, мәзірді қарап түсіну өте оңай. Смартфонды интуитивті түрде түсінесіз.

Жеке қорытынды

Honor X9c сенімді әрі ыңғайлы смартфон екенін дәлелдеді. Ол құлап қалғанда және су тигенде төтеп береді. Одан бөлек жарық, айқын экранымен және сапалы суреттерімен қуантады. Смартфон үнемі интернет пен навигация қосылып тұрғанда, ойындар ойнап, белсенді қолданған сәтте де бір тәуліктен аса уақыт жұмыс істеді. Ресурстарды көп қажет ететін ойындарда да құрылғы қатты қызып кеткен жоқ. Бұл күн сайын сенім артуға болатын құрылғы екенін білдіреді.

STAN.KZ
Сейсенбі, 17 Желтоқсан, 2024 08:00
Талқылау