HONOR 400 — сізге қызмет ететін технология

Honor 400 — шектен тыс уәде бермейтін, бірақ бұрын тек қымбат смартфондарға тән болған мүмкіндіктерді оңай орындай алатын құрылғы. Камерасы, жылдамдығы, қуатты батареясы мен ақылды функциялары – барлығы бір смартфонда үйлесім тапқан. Артық ештеңесі жоқ, бірақ әр бөлігіне жіті назар аударылып, ұқыпты етіп жасалған.
Смартфонды алғаш қолыңызға ұстағаннан-ақ оның қарапайым әрі ыңғайлы екенін байқайсыз. Өзі жеңіл, артық ештеңесі жоқ, қолға ұстағанға ыңғайлы. Корпусы жұқа, салмағы аса ауыр емес болғандықтан, смартфонды бір қолмен-ақ оңай қолдануға, көшеде жүріп бара жатып хабарлама жазуға, жаңалықтарды шолуға болады.

Honor 400-дің ең мықты тұстарының бірі — камерасы. 200 мегапиксель болатын камерасы ақылды жүйе бойынша істейді, яғни суретке немесе видеоға түсіргенде кадрға қарай камераны өзі баптайды. Смартфон күндіз немесе кешке, жарық аз жерде немесе қозғалып бара жатып түсірсеңіз де, барлық жағдайды ескеріп, барынша кадрды анық етеді.
Әдемі фото – тек сапалы кадр ғана тұрмайды. Фотоны түсіру, кейін оны өңдеу де жеңіл болғаны маңызды. Honor 400 смартфонының 6,55 дюйм болатын экраны күн сәулесі қатты түсіп тұрған жерде де бейнені анық әрі қанық көрсетеді. Жиілігі смартфонды оңай парақтауға мүмкіндік береді. Ал арнайы режимдері күндіз-түні смартфонды қолдансаңыз да көзіңізге ауыртпайды, жолда кітап оқысаңыз да басыңыз айналмайды.
Экранның сапасын, әсіресе, портрет режимінде байқауға болады. Осы кезде Honor 400 өзіне тән мүмкіндіктерін көрсетеді: адамның бет-әлпетіне фокус қояды, артқы фонды бұлыңғырлатады, түстерді табиғи көрсетеді. Тіпті, камера қозғалып бара жатқан адамның өзін суретке анық түсіреді. Сонымен қатар, смартфонға Harcourt (қанық, түрлі-түсті және ақ-қара нұсқа) деген арнайы қызмет, 6 түрлі пленка эффектісі қызметі қосылған. Мұны әсіресе, жарық пен көлеңке айқын байқалатын кадрларда қолданған тиімді.
Смартфонның Super Zoom қызметін қаладағы саябақтағы орналасқан ескерткішті түсіріп сынап көрдік. Камераны 30х-ке дейін жақындатқанда да кадр тұнық болды. Осылайша камера алыстағы бөлшектерді де анық көруге мүмкіндік береді.


Камера – түсіретін сәт қана емес, одан кейінгі де процесс. Осы тұста Honor 400 күтпеген мүмкіндіктер ұсынады. Honor 400-дің суреттерді өңдеуге арналған бірнеше пайдалы функциясы бар. Олар сіздің уақытыңызды үнемдеп, қосымша бағдарламаларды пайдаланбай-ақ суреттерді өңдеуге көмектеседі. Мысалы, сіз саябақтағы субұрқақтың жанында тұрған баланы суретке түсірдіңіз. Сол кезде артқы фонда басқа балалар да түсіп қалды. Дегенмен сіз бір батырманы басып қана, артқы фондағы әлгі балаларды өшіріп тастай аласыз. Сонда кадрда сіз қалағандай артық нәрсесіз, сізге керек адам мен заттар ғана қалады. Тіпті, сурет тап-таза болып, өңдегеніңіз де білінбейді.


Смартфон фотоны қозғалыс эффектісі бар қысқа видеоға айналдыра алады. Мысалы, біз бұл функцияны бақбақгүлді суретке түсіріп, тексеріп көрдік. Камера әуелі гүлге жақындайды, кейін жанында тұрған басқа гүлдерге қарай ауысады. Кәдімгі видео түсірілім сияқты болып шығады. Мұндай кадрды ешқандай монтаж жасамай, сториске жүктеуге болады.

Сурет тым кішкентай болып шықса, мысалы кадрдың шеттері жетпей тұрса, Honor 400 оны автоматты түрде кеңейтіп, жетпей тұрған жерлерін өзі салып береді: аспанды, ғимаратты немесе шөпті қосады. Бұл әсіресе сторис, пост немесе мұқаба жасағанда өте ыңғайлы. Біз бұл мүмкіндікті суретті көлдеңнен түсіріп, сынап көруді жөн көрдік.

Honor 400 арқылы адамды немесе затты суреттен бөліп алып, басқа кадрға оңай орналастыруға болады. Мысалы, қаланың қақ ортасында фотоға түскен адамды табиғат аясында түскендей етуге болады. Смартфон өзі артық іздерді өшіріп, нәтижені табиғи әрі шынайы етіп шығарады. Бұл үшін қосымша бағдарламалар қажет емес: бәрі телефонның ішінде жасалады.
Honor 400 күнделікті тапсырмаларды оңай әрі қатып қалмай орындайды. Себебі оның процессоры – Snapdragon 7 Gen 3, жедел жады – 12 ГБ. Соның арқасында қолданбалар тез істейді. Ал 512 ГБ-ға тең ішкі жадының арқасында смартфонды үнемі тазалап отырмай-ақ, онда көп фото, видео, маңызды құжаттарды сақтауға мүмкіндік бар. Смартфонның басты артықшылықтарының бірі — жасанды интеллект негізінде істейтін функциялары. Олар күнделікті өмірде көмегін беріп, процестерді жеңілдетеді. Функцияның бәрі Android 15 жүйесіндегі жаңа MagicOS 9.0 платформасында істейді.
Magic Portal 2.0 функциясы күнделікті істерді жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге көмектеседі. Мысалы, өзіңізге қажет мекенжайды тапсаңыз, смартфон бірден жол сызбасын ұсынады. Экранға біреудің нөмірі шықса, қоңырау шалу батырмасы автомат түрде пайда болады. Ал камераны бір затқа қарай нұсқасаңыз, сол сәтте-ақ оның қайда сатылатынын шығарып береді. Ең қызығы, мұның бәрі құрылғының бір интерфейсінде істейді, әртүрлі қосышалардың арасында ауысып әуре болудың қажеті жоқ.
Смартфонда ұсақ-түйек болса да, ыңғайлы басқа да мүмкіндіктер де бар. Мысалы, Magic Capsule — бұл қалқып шығатын терезе: хабарлама келсе, бір рет түртсеңіз болғаны, бірден керек әрекетке өтесіз.Ал Magic Lock Screen күні бойы қажетіңізге қарай өзгеріп отырады: күндіз ауа райын, тапсырмаларды көрсетсе, кешке қарай тынығуға икемдеп, тыныш фон қояды. Мұның бәрі автомат түрде іске асады – арнайы баптаудың қажеті жоқ.
Honor 400 күнделікті тұрмыста ғана емес, оқу мен сапарда да көмек көрсете алады. Камераны затқа, өсімдікке, қаптамадағы немесе мәзірдегі жазуға қаратасңыз, Google Lens оларды бірден таниды. Ал есепті көрсетсеңіз, шешу жолын кезең-кезеңімен түсіндіріп береді.

Ал тілге шорқақ болсаңыз, AI Translation функциясы көмекке келеді. Біз ол арқылы екі тілде сөйлесіп көрдік. Смартфон бірден аудармасын экранға шығарып берді. Ыңғайлы әрі жылдам істейтін бұл функцияның арқасында сөздік немесе аударма іздеп әлек болмайсыз.

Смартфондағы барлық функция қатпай істеуі үшін оның өнімділігі жоғары болуы керек. Honor 400 мұны да ескерген. Смартфонның аккумуляторы – сағатына 6000 мА. Ол арқылы видеоқоңырау шалсаңыз да, суретке түссеңіз де, мессенжер қолдансаңыз да, қуаты күні бойына жетеді. Ал смартфонды бірқалыпты қолдансаңыз, қуаты екі күнге дейін жетеді. Яғни, қуаттағышты өзіңізбен алып жүрудің немесе ток көзін іздеп жүрудің қажеті шамалы.
Қорытындыласақ, Honor 400 — күнделіктегі өмірге таптырмас көмекші. Интерфейсі қарапайым, көп пайдалы мүмкіндікке ие, қуаты ұзаққа жетеді. Ең бастысы — ақылды функциялары расымен де күн сайын көмектеседі. Артық ештеңе жоқ, бәрі орынды және ыңғайлы.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды