Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Home Credit Bank-тің «Жасыл аллея» жобасы Қазақстанның тағы бірнеше өңірін қамтыды

Home Credit Bank-тің 20 жылдық мерейтойына орайластырылған "HCB Business Жасыл аллеясы" акциясы Астана қаласында жалғасын тапты. Банк өкілдері серіктестерімен бірге Есіл жағасына алма мен алмұрт ағаштарының көшетін отырғызды. Экологиялық акция Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде жөндеуден өткен аудиторияның ашылу салтанатына ұласты. Бұл жобаға да Home Credit Bank қаржылай қолдау көрсеткен. 

Қаржы ұйымының қалаларды көгалдандыруға бағытталған "Жасыл аллея" акциясы бұған дейін Алматы және Шымкент қалаларында ұйымдастырылған. Еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуды көздейтін жоба банктің "Көмектесуге қуаныштымыз" миссиясына сай келеді. 

"Бұл мен үшін маңызды бастамалардың бірі. Елімнің патриоты ретінде экологияның жақсаруына үлесімді қосу маңызды болды. Жасыл аллеялар ауа сапасын жақсартып, климаттың өзгеруіне қарсы күресуге септігін тигізеді. Сондай-ақ қоғамдық кеңістіктердің жайлылығын арттырып, тұрғындар үшін тартымды орта қалыптастырады. Қазақстанды көгалдандыра отырып, біз қалалардың экологиясына көмек көрсетуді және клиенттеріміз бен серіктестерімізге өмір сапасын жақсартуға көп мүмкіндіктер ұсынуды мақсат етіп отырмыз" - дейді банктің ШОБ бағыты бойынша басқарушы директоры Арина Лепихова.

Банк қызметкерлері мен серіктестері елордада ағаш көшеттерін Есіл жағасына отырғызуды жөн көріпті. Ондағысы жеміс ағаштары жағалау маңында серуендеуді ұнататын тұрғындар мен қала қонақтарының саясына айналса дейді.

 "Бүгін біз үлкен іс тындырдық. Бұл Банктің 20 жылдығына орай Астана қаласына жасаған тартуымыз. Өзіміз осы қалада тұрғандықтан, қаламыздың көгеріп, көркеюіне және қоршаған ортаны тазартуға үлес қосу міндетіміз деп ойлаймын. Астаналықтар Есіл жағасында серуендеуді жақсы көретінін білгендіктен, біз осы манды тандадық", - дейді Home Credit Bank -тің шағын және орта бизнесті дамыту бойынша директорының орынбасары Мақсат Түсіпов.

Көптің көкейінде "Бүгін отырғызылған ағаштарды ары қарай кім күтіп-баптайды?" деген заңды сұрақ тұратыны айқын. Бұл ретте Банк өкілдері жағалауға отырғызылған жеміс ағаштары сол күйі ұмыт қалмайтынын, күтіп-баптау жұмысы арнайы агенттікке тапсырылғанын атап өтті. Агенттік өкілдері атқарылған жұмыстар бойынша банкке есеп беріп отырмақ.

Банк ұйытқы болып отырған шара мұнымен тәмамдалған жоқ. Ағаш отырғызып болған соң банк қызметкерлері құрал-сайманын жинап, Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетін (ҚазАТЗУ) бетке алды. Жоғары оқу орнында заманауи аудиторияның ашылу рәсімі өтті. Home Credit Bank университетті жаңғыртуға қаржылық қолдау көрсетіп, негізгі аудиторияны жөндеуге 10 миллион теңге қаржы бөлген. 

Аудиторияның ашылу рәсіміне ҚазАТЗУ ректоры Қанат Тіреуов, университет оқытушылары мен банк өкілдері қатысты. Университет ректоры аудиторияның ашылу рәсімінде оқытушылар мен студенттер атынан банк өкілдеріне алғысын білдіре келе, жоғары оқу орны жеткен жетістіктерге тоқталып өтті.

"ҚазАТЗУ – түрлі сала мамандарын даярлайтын көпсалалы университет. Енді банк қолдауымен студенттеріміз үшін оқу процесі әлдеқайда жайлы болады. Біз жаңартылған аудиторияның студенттерге ұнайтынына сенімдіміз", - деді ҚазАТЗУ ректоры Қанат Тіреуов.

Өз кезегінде студенттер университет қабырғасында мұндай жаңа, заманауи кабинеттің ашылуы кәсіби дамуға, маман ретінде қалыптасуға мол мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Шара соңында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті мен Home Credit Bank өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар университет атынан банктің ШОБ бағыты бойынша басқарушы директоры Арина Лепиховаға Сәкен Сейфуллин атындағы медаль табыс етілді. Ресми шара аяқталған соң банк қызметкерлері мен оқытушылар университет ауласына жеміс ағаштарының көшетін отырғызды.

Айта кетейік, банк қызметкерлері мен серіктестері Көкшетауда ағаш отырғызды. "Алаш арыстары" саябағында қарағайлар мен уссурийлік алмұрт ағашы бой көтерді.

"Саябақтың жасыл әрі әсем болуы біз үшін зор қуаныш. Біз Ақмола филиалының командасымен бірге сүйікті қаламыздың жасыл болашағына қосқан үлесімізбен мақтанамыз. Сонымен қатар клиенттеріміз үшін пайдалы және ыңғайлы банк болуға бар күшімізді саламыз", - деді Көкшетау қаласындағы НСВ филиалының директоры Софья Карапиди.

200 мың халқы бар Көкшетау қаласы "HCB Business жасыл аллеясы" акциясы іске асырылған төртінші қала болып отыр. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 30 Сәуір, 2025 15:06
Талқылау