ХОК 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін олимпиадаға бокс бойынша жаңа салмақ дәрежелерін бекітті
Халықаралық Олимпиада комитеті бокстағы салмақ дәрежелері құрылымын ресми түрде өзгертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бокстағы жаңа өзгерістер 2028 жылдың 14-29 шілде аралығында өтетін Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарында күшіне енеді.
Олимпиада тарихында алғаш рет ерлер мен әйелдер саны теңеседі, енді екі аталымда да 124 қатысушыдан болады. Бұл шешім – ХОК-тың Олимпиада ойындарында гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттерінің бір бөлігі.
"Бұған дейін біз боксты Олимпиада-2028 бағдарламасына қосу туралы шешім қабылдаған едік. Енді гендерлік теңдікті ескере отырып, әр категорияда жеті медаль жиынтығы болады. Әйелдерге бір жаңа салмақ дәрежесі қосылды,” – деді ХОК спорт директоры Кит Макконнелл.
Ендеше 2028 жылғы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадасында әйелдер арасындағы салмақ дәрежелері (124 боксшы): 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг.
Ал ерлер арасындағы салмақ дәрежелері (124 боксшы): 55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг, +90 кг.
Осылайша, әйелдер бағдарламасы бір салмақ дәрежесіне ұлғайтылып, жетіге жетті. Ал ерлерде сан өзгермегенімен, салмақ межелері өзгертілді.
Бұған дейін, Париж-2024 Олимпиадасында спортшылар мын салмақта өнер көрсеткен:
Әйелдер: 50 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 66 кг, 75 кг
Ерлер: 51 кг, 57 кг, 63,5 кг, 71 кг, 80 кг, 92 кг, +92 кг.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған

