Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Хлор мен күкіртті сутектің деңгейі жоғары": Өскеменде экологтар кәсіпорыннан шығатын зиян заттарға мониторинг жасай алмай отыр

Екі күн бұрын Өскеменде хлорсутек, күкірт диоксиді, көмірқышқыл газы мен күйенің шекті концентрациясы рұқсат етілген мөлшерден асып кетті. Ауа сапасының ластануы салдарынан балалар қашықтан оқытылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Алайда өскемендік экологтар кәсіпорындардағы зиян шығарындыларға мониторинг жасауға кірісе алмай отыр. Қалада тағы да химиялық заттар шекті рұқсат етілген нормадан асып кетті. Бірақ оны тексеру үшін прокуратураның рұқсаты қажет.

Осыдан екі күн бұрын облыс орталығында хлорсутек, күкірт диоксиді, көмірқышқыл газы мен күйенің шекті концентрациясы рұқсат етілген нормадан асып кетті. Газ анализаторлары бір ауданда хлордың, ал жеке секторда хлор мен күкіртті сутектің жоғары деңгейде екенін көрсетті.

Өңір басшысы шенеуніктерге тұрғындарды ластану деңгейі туралы шынайы ақпараттандыруды тапсырды. Ол үшін арнайы топ құрылды.

"Май" АҚ санитарлық-қорғау аймағында атмосфералық ауаның сапасын өлшеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өлшеу нәтижелеріне сәйкес, екі аймақтан хлордың 2 есе асып кеткені байқалды. Сондай-ақ оксид деңгейі рұқсат етілген норма шегінде”, – дейді Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің басшысы міндетін атқарушы Азамат Тауырбеков.

Бұған дейін Өскеменде түтін торлап, ауа ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқитыны туралы жазған едік.

Талқылау