ХҚКО қызметкері басқа біреудің атына жеке сәйкестендіру нөмірін тіркеп, 40 млн теңге шешіп алған
Фото: depositphotos.com
Елорда соты ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізіп, ауқымды қаржылай залал келтірген Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкеріне үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“2024 жылғы 8 қазанда айыпталушы Ресей азаматының атынан белгісіз адам ұсынған құжаттар негізінде ақпараттық жүйеге біле тұрып жалған мәліметтер енгізген. Кейін сол берілген ЖСН-ға банк шоты ашылып, оған 40 млн теңге аударылған. Бұл әрекет азамат пен мемлекетке залал келтірді”, – делінген сот үкімінде.
Сот отырысында айыпталушы әйел өзін ақтауды сұраған, ал мемлекеттік айыптаушы оған 3,5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Судья сотталушының кәмелетке толмаған екі баласы бар екенін ескеріп, оған рақымшылық актісін қолданды.
Нәтижесінде айыпты әйелге 2 жыл колонияда жазасын өтеу және 2 жыл бойы шетел азаматтарына ЖСН беру құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Айта кететін жайт, сот үкімін тыңдауға Халыққа қызмет көрсету орталығының операторлары профилактикалық мақсатта қатысты.
Үкім күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, Қазақстандықтар енді ХҚО қызметкерлерін үйлеріне шақыра алатынын жазғанбыз.

Қостанайда Ресей флотының мерекесі тойланды: Әкімдік шарадан хабарсыз болған
