Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Хиджаб кимегені үшін әйелдерін өлтіріп жатыр": ІІМ Ұланғасыр Қамиге қатысты шешім шығарды

Желіде "Әйелдерін хиджаб кимегені үшін өлтіріп жатыр" деген пікірі дауға ұласқан Ұланғасыр Қамидың ісі жабылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/ulangasyrqamiev/

Айта кетейік, Қостанай қаласының тұрғыны Саида Сисембаева әнші Ұланғасыр Қамидің пікірімен келіспейтінін айтып, өнер иесінің үстінен арыз жазған еді. 

“Маған Алматы қаласының полиция департаментінің өтінішімді тіркеусіз қалдыратыны жөнінде хат келді. Өйткені олардың пікірінше, Қамиевтің сөздерінде қылмыс құрамы жоқ екен. Әнші сөзінде әйелдерді күйеулерінің өлтіруін ашық ақтаған болатын еді”, – деп жазды белсенді. 



Сонымен қатар өтініштің мәтінін де жариялап, әншінің үстінен жазылған арыз қаралмайтынын айтты.

“Қамиев Ұ.Ж өзінің Instagram парақшасында тікелей эфир кезінде оқырмандарының қойған сұрақтарына жауап берген. ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын жасамаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұл жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екенін ескере отырып, заңға сәйкес сіздің өтінішіңіз есепте тіркеусіз қалды әрі номенклатуралық іс жүргізу есебінен шығарылды, –делінген ІІМ-нің жауабында. 

Еске салайық, өнер иесі хиджаб кимейтін қызға үйленбейтінін жасырмаған еді. 

Талқылау