Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйде үш баласы күтіп отыр": Хасан Қасымбаевтың жақындары сот алдында өзін өртеймін деп қорқытты (видео)

Хасан Қасымбаевтың жақындары сот алдында өзіне от қоямын қорқытты

Фото: Видеодан скрин

Талғарда “Хутор” бандасының басшысы делінген Хасан Қасымбаевтың жақындары президентке видеоүндеу жолдап, соттың әділ өтуін талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазір Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүін үкім шығады. Сот ғимараты алдына жиналған айыпталушының жақындары істің әділ қаралуын талап етті. Олай болмаған жағдайда ғимарат алдында өздерін өртейтінін айтып, қорқытты.

“Күйеуімнің еш кінәсі жоқ. Оны үйде үш баласы күтіп отыр. Егер әділ шешім шығармаса, дәл осы жерде өзімді өртеймін”, – деді Қасымбаевтың жұбайы Зульфия Қасымбаева.

Хасанның анасы да әділ шешім шықпаса адам өлімі болатынын, баласы үшін өзін құрбан ететінін айтты. 

Сондай-ақ жиналғандардың арасындағы кейуаналардың бірі Хасанды жөргегінен танитынын жеткізді.

“Адам дегенде жүрегі елжіреп тұратын баланы қараптан-қарап ұстап отыр. Не деген сұмдық”, – дейді кейуана.

Еске салсақ, 20 тамызда Талғар аудандық сотында төрт жыл бұрын спортшыны ұрлап, соққыға жықты деп айыпталып отырған Хасан Қасымбаевтың қылмыстық ісін қарау басталды. Хасан Қасымбаевтың есімі 2024 жылғы 4 қазанға қараған түні Талғардағы "Қамажай" дүкенінің жанында болған даулы оқиғадан кейін жиі атала бастады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 10 Қараша, 2025 12:04
Талқылау