Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жіберілді
Фото: Видеодан скрин
Алматы облысы полиция департаменті Хасан Қасымбаевқа және басқа да күдіктілерге қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
БАҚ-та Хасан Қасымбаевты "Хуторлықтар" деп аталатын қылмыстық топтың ықтимал жетекшісі деп атайды.
Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлігі (Адам ұрлау), 106-бабы 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және 194-бабы 2-бөлігі (Қорқытып алушылық) бойынша жүргізілді.
21 шілдеде айыптау актісімен бірге іс материалдары қадағалау органына жолданды. Алматы облысының прокуратурасы оларды қарап шығып, істі сотқа тапсырды.
Хасан Қасымбаев қазір ІІМ ҚАЖК №72 мекемесінде қамауда отыр.
Марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Шерзаттың қазасына қатысты сотталғандардың бірі бостандыққа шықты
Еске салайық, бұған дейін "Хутор" бандасының басшысы деп аталған Хасан Қасымбаевтың ісі прокуратураға түскенін жаздық. Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді. Бұл қоғамда үлкен резонанс тудырды. Алматы облысы прокурорының орынбасары мен Талғар ауданының прокуроры лауазымынан босатылған еді. Шерзаттың ата-анасы әкімдік пен аудандағы құзырлы орган басшыларының қызметінен кетуін талап етті.
Осыдан соң Хутордың өкілі делінген Хасанның ағасы, Талғар ауданының әкім аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен кетті. Кейіннен "Хутор" бандасының жетекшісі деген Хасан Қасымбаев ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Кейін оның ережесіз жекпе-жек спортшысын аяусыз ұрып жатқан видеосы тарап, не үшін ұсталғаны белгілі болды. Сонымен қатар Хасан Қасымбаевтың анасы ұлының жазықсыз екенін айтып, президенттен көмек сұрады.

"Денесін күйдіріп, саусағын сындырып, тиын жұтуға мәжбүрлеген": Балқашта Қазақмыс қызметкері 8 жасар баланы соққыға жықты деп айыпталды
