Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хасан Қасымбаев үкімге апелляциялық шағым түсірді

жәбірленуші мән-жайды айттыФото: Видеодан скрин

12 жылға бас бостандығынан айырылған Хасан Қасымбаевтың адвокаттары Талғар аудандық сотының үкіміне апелляциялық шағым жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айыпталушының қорғаушысы Нариман Кервеновтің мәліметінше, үкімнің көшірмесі белгіленген мерзімде берілмеген.

"Үкім 11 қараша күні шықты. Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес біз оны 16 қарашада алуымыз керек еді. Алайда құжат сол күні берілмей, тек 25 қарашада қолымызға тиді. Сондықтан кеше біз алдын ала апелляциялық шағымды Талғар сотына жолдадық. Үкімді толық зерделегеннен кейін шағымды толықтырамыз", – деді Нариман Кервенов.

Адвокаттың сөзінше, апелляциялық істің нақты қашан қаралатыны әзірге белгісіз.

"Бәрі үкімнің біздің қорғауымыздағы тарапқа қашан тапсырылғанына байланысты. Сол күннен бастап аппеляция мерзімі есептеле бастайды. Сондықтан нақты күнді қазір айта алмаймын", – деді ол.

Сонымен қатар журналист қорғаушыдан үкімді уақытында бермегені үшін сот әрекетіне шағым түсіре ме деп сұрады.

"Жоқ, бұл мәселе бойынша шағымданбаймыз. Иә, мерзім бұзылды. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, сот үкімді кешіктірсе, кейін мерзімді қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Біз тәуекелге бармас үшін шағымды алдын ала жолдадық", – деп түсіндірді адвокат.


Сот залындағы әйнекті сындырған Хасан Қасымбаевқа қандай жауапкершілікке тартылады


"Шындықтан қашқандардың әдеті": Хасан Қасымбаев блогер Жан Ахмадиевтің үстінен арыз жазған


Еске салайық, бұған дейіг 11 қараша күні сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалап баптары бойынша кінәлі деп таныған. Айыптардың жиынтығы бойынша оған 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейді.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 26 Қараша, 2025 16:41
Талқылау