Хаос, радио қарақшылары мен полиция тыйымы: Заманауи диджейинг қалай қалыптасты
Диджейлер туралы айтқанда, көз алдымызға пульт алдында тұрған, тректерді шеберлікпен ауыстырып, көрерменді баурап алатын адамдар елестейді. Бірақ диджейинг тарихы әлдеқайда хаосты және оның дамуы бірқатар кездейсоқтық пен тосын шешімдер арқылы музыкалық мәдениетті өзгерткен оқиғалардан тұрады.

Алғашқы диджей шын мәнінде диджей болмаған
Әдетте, диджейингті клубтар мен радиостанциялармен байланыстырады. Бірақ осы саладағы алғашқы адамды, диджей деп атай алмаймыз. Себебі ол кезде бұл маман мүлде би алаңына арнап ойластырылмаған. 1909 жылы канадалық инженер Реджинальд Фессенден алғаш рет радио арқылы музыкалық трансляция жасады. Рождество кешінде ол скрипкада ойнап, опера арияларының пластинкаларын қойды. Бұл музыка эфир арқылы таратылған алғашқы жағдай еді. "Диджей" сөзі ол кезде әлі пайда болмағанымен, дәл осы оқиға бүгінгі музыкалық радиохабар таратудың бастауы болды.
Лондондық қарақшылар: Теңізден тараған рок-н-ролл
1960-жылдары Ұлыбританияда радиохабар тарату қатаң бақыланды. Заңды радиостанциялар рок-н-ролл мен балама музыканы қоймағандықтан, жастардың жаңа дыбысқа сұранысы арта түсті. Осылайша, жасырын радиостанциялар пайда болды. Олар Ұлыбритания жағалауындағы кемелерден тікелей эфир жүргізетін қарақшылар атанды. Radio Caroline сияқты станциялар The Beatles пен The Rolling Stones әндерін ойнатып, диджей-радиожүргізушілер нағыз жұлдызға айналды. Олар диджейингтің тек музыка ойнау емес, сонымен бірге бұқараға әсер етудің құралы екенін дәлелдеді.

Бит-матчингке дейінгі би алаңы: Хаос, үзілістер мен кенеттен болған өзгерістер
1960-жылдардың соңына дейін диджейлер пластинкаларды бірінен соң бірін қойып, олардың арасындағы байланысқа мән бермейтін. Бұл би алаңында хаос тудырды. Әндер арасында ұзақ паузалар немесе ырғақтың күрт өзгеруі тіпті ең шыдамды бишілердің өзін шаршатты. 1969 жылы Фрэнсис Грассо алғаш рет бит-матчинг (beatmatching) техникасын ойлап тапты. Ол екі тректің ырғағын сәйкестендіруге мүмкіндік берді. Осы сәттен бастап диджейинг өнерге, ал билеу – үзіліссіз музыкадағы саяхатқа айналды.
Хип-хоп, полиция және DJ Kool Herc тапқырлығы
DJ Kool Herc – хип-хоп туралы естіген әрбір адам білетін есім. 1970-жылдары Бронксте кештер жиі полицияның араласуымен аяқталатын. Тректерде тым көп сөздер болса, құқық қорғау органдары кешті тоқтататын. Kool Herc мұның шешімін тапты. Ол вокалдық бөлімдерді алып тастап, тек инструменталды брейктерді ойнады. Осылайша, бүгінде біз білетін брейкбит пайда болды және бұл кейінірек бүкіл хип-хоп мәдениетін қалыптастырды. Бұл жай ғана музыкалық эксперимент емес, тыйымдардың нәтижесінде пайда болған амал болатын.

КСРО-дағы диджейинг: Хаус емес, музыкалық дәрістер
АҚШ-та диджейинг көшеде басталса, Кеңес Одағында ол ғылыми ортада басталды деуге болады. 1957 жылы Мәскеуде өткен Жастар және студенттер фестивалі кезінде алғашқы "музыкалық вертушкалар" пайда болды. Оларды басқарған адамдар тректерді микс жасаудың орнына, оларды түсіндіріп, шетелдік қонақтар әкелген пластинкаларды кезекпен қосып отырды. Бұл би кештеріне ұқсамаса да, КСРО-дағы алғашқы дискотекалардың негізін қалады.
NASA және роботтар диджейингке қалай әсер етті
1983 жылы NASA инженерлері Grandmaster Flash пен оның командасының скретчинг техникасына назар аударды. Бір маман бұл әдісті ғарыштық спутниктерден радио сигналдарды дәл баптауға қолдануға болатынын ұсынды. Осылайша, диджейлік техника ғарышта да өз орнын тапты. Ал 2013 жылы ғарышта ойнаған алғашқы диджей адам емес еді. Бұл Kirobo атты робот болды. Ол жасанды интеллект арқылы ырғаққа сай тректерді таңдап қойды. Кейін 2017 жылы DJ Jeff Mills-тің жазылған сеті Халықаралық ғарыш станциясында ойналды. Дегенмен тарихта бірінші болып Kirobo қалды.

Винилді құтқарған диджейлер
1990-жылдардың басында винил өндірісі жойылуға шақ қалды. CD-дискілер оның орнын басты. Сатылымдар күрт төмендеді. Ал ірі лейблдер пластинка шығаруды тоқтатты. Бірақ винилді сақтап қалған коллекционерлер емес, хаус пен техно диджейлері болды. Олардың аналогтық дыбысқа деген махаббаты индустрияны бұл шешімді қайта қарауға мәжбүр етті. Ал қазір винил қайта өрлеу дәуірін бастан кешуде.
Қазақстандық диджейлер: Әлемдік сахнаға жол
Қазіргі таңда Қазақстан диджейинг саласында өзін белсенді көрсетуде. Иманбек Зейкенов, Грэмми иегері, ремикстердің индустрияны өзгерте алатынын дәлелдеді. Ал оның кішігірім қаладан бастап әлемдік танымалдылыққа дейінгі жолы жаңа буын үшін шабыт көзіне айналды. Nurboogie, DJ QRBoy, Na3, DJ Sagintaev, SHEGI, Аспирин, Sleepytalk және Max Odeum – жергілікті диджейлердің ең танымал өкілдері. Олардың стильдері классикалық хип-хоп пен хаустан бастап, ұлттық элементтері бар ерекше микстерге дейін араласқан.

Red Bull Turn It Up: Диджей мәдениетінің жаңа кезеңі
22 ақпанда Алматы диджей өнерінің эпицентріне айналады. Red Bull Turn It Up елдің ең жарқын әрі шабыттандыратын диджейлерін бір сахнаға жинайды. Бұл жай ғана үздіктер арасындағы бәсеке емес, әрбір қатысушының жанын музыка арқылы ашатын шоу.
Red Bull Turn It Up сахнасында көрермендер жанр, техника мен тарихтың тоғысуына куә болады. Бұл жердегі әрбір сет – көз алдыңызда болған ерекше оқиғаға айналады.
Өтетін күні: 22:00, 22 ақпан 2025 жыл
Өтетін орны: Алматы, Bla Bla Bar
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді