"Ханзада ханзадаға ғашық болады": Депутат балаларға арналған кітаптардағы ЛГБТ-насихат мысалдарын келтірді
Фото: dzen.ru
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова ЛГБТ-насихатына тыйым салуға бағытталған заң жобасы азаматтардың жеке өміріне шектеу қоймайтынын, бірақ мұндай насихаттың қоғамға қажет емес екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кеше Мәжілістегі жұмыс тобының отырысында депутаттар ақпараттық кеңістікте, әсіресе, әлеуметтік желіде, фильмдерде және жарнамада ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы мәселені қайта талқылады. Тиісті түзетулер "Мұрағат ісі туралы" заң жобасына енгізілмек. Депутат Наталья Смирнованың айтуынша, түзетулер азаматтардың жеке таңдауына шектеу қоймайды, алайда қоғамда ЛГБТ тақырыбын насихаттауға жол бермеуді көздейді.
"Кеше біз бұл түзетулерді қарап, қабылдадық. Мұнда белгілі бір бағыттағы адамдарға тыйым салу жоқ. Әркім өз өмірінде қажет деп санайтынды жасай алады, әрине, педофилиядан басқа. Бірақ мұндай насихат болмауы керек", – деді депутат.
Смирнованың мәлімдеуінше, соңғы уақытта балалар әдебиеттерінде де мұндай мазмұн кездесіп жүргенін айтты.
"Сіздер көрмеген шығарсыздар, ал мен көрдім, кітапханаларда ЛГБТ насихатталатын кітаптар бар. Онда ханзада ханзадаға ғашық болады, екі ұл бір-бірін сүйеді. Мұндай мультфильмдер, журналдар, комикстер де бар", – деді ол.
Сонымен қатар депутат "бұл насихат нақты қалай көрініс табады?" деген сұрағына да жауап берді.
Смирнованың айтуынша, заң жобасы кітаптар мен фильмдерге тікелей тыйым салмайды. Дегенмен, мұндай өнімдерге арнайы таңбалау мен сараптау жүйесі енгізілмек, ал заңның орындалуына қатысты нормативтік құжаттарды мәдениет министрлігі әзірлейді. Депутат жаңа заңды әзірлеу кезінде Ресей тәжірибесі негізге алынбағанын атап өтті.
Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева да түсіндіргендей, ұсынылған түзету әлеуметтік желілерде дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға тыйым салуды көздейді. Оның айтуынша, бұл шектеу кинофильмдер мен жарнама саласына да қатысты болуы мүмкін.
Депутаттың сөзінше, балалар мұндай мазмұнды ашық түрде әлеуметтік желілерде көрмеуі тиіс. Сонымен қатар, түзетуге сәйкес, құрамында ЛГБТ тақырыбы бар фильмдердің прокатқа шығуына шектеу қойылуы ықтимал. Дементьева атап өткендей, мұндай фильмдер мен жарнамалар алдағы уақытта арнайы тексерістен немесе цензурадан өтуі мүмкін.
"Қазір тоқтатпасақ, Батыстағыдай боламыз": Депутаттар тағы да ЛГБТ насихатына тыйым салуды ұсынды
Елімізде ЛГБТ-ны насихаттауға заңмен тыйым салынады
Еске салайық, бұған дейін USAID Қазақстанда азаматтық қоғам мен ЛГБТ бастамаларын қолдауға 2,7 миллион доллар (1,49 миллиард теңге) бөлгенібелгілі болды. Қаржы 2024-2029 жылдар аралығында Eurasia Foundation арқылы іске асатын жобаларға бағытталған. Бүкіл сома толықтай Қазақстанда пайдаланылмақ.
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді