Фестиваль кезінде ұсталды: ХАМАС кепілге алынған үш израильдік әйелді босатты
ХАМАС кепілге алынған израильдік үш әйелді босатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: REUTERS
ХАМАС-тың жоғары лауазымды өкілі кепілге алынған үш әйел Газа қаласының батысындағы Аль-Римал аймағындағы Ас-Сарая алаңында ресми түрде Қызыл Крест ұйымына тапсырылды.
Кепілге алынғандарды Израильге элиталық бөлімшесі мен Шин Бет қауіпсіздік қызметі алып кетті.
Кепілге алынған үш адам Израильдің оңтүстігіндегі Реим базасына келіп, алғашқы медициналық тексеруден өтіпті. Кепілге алынғандардың жағдайы жақсы деп бағаланып отыр.
Кейін осы үш әйел туралы толығырақ ақпарат шықты: 24 жастағы Роми Гонен, 31 жастағы Штайнбрехер және 28 жастағы Эмили Дамари. Олар 2023 жылдың 7 қазанындағы шабуыл кезінде "Супернова" фестивалінде болды.
Олардың босатылуы – Израиль мен ХАМАС арасындағы келісімнің бірінші кезеңінің бөлігі.
Тель-Авив маңындағы медициналық орталықтың докторы Оснат Левтцион-Корач бостандыққа шыққан әйелдерді қарсы алуға дайындалып жатқан дәрігерлер тамақ пен күн сәулесінің ұзақ уақыт болмауы олардың денсаулығына қаншалықты әсер еткенін бағалайды.
"Жалғыздық пен психологиялық қысымның салдары да болады. Біз оларға бірте-бірте қалыпты өмірге оралуға көмектесетін тәсіл тапқымыз келеді", – деді маман.
Енді Израиль 90 палестиналық тұтқынды түрмеден босатады.
ХАМАС-тың қарулы қанаты әл-Кассам бригадасының өкілі Әбу Убайда Израильдің атысты кез келген уақытта қайта бстап, келісімді бұза алуы алаңдататынын айтты. Сол үшін ол АҚШ немесе Катар сынды делдалдарға Израильді талапты орындауға мәжбүрлеуді сұрады.
1-кепіл Роми Гонен
Роми Supernova фестиваліне Израильдің солтүстігіндегі Кфар Верадим қаласынан келді.
Туыстарының айтуынша, ол фестивальге "сүйікті ісі – би билеу" үшін барған. Ол 12 жыл оқыған хореограф.
ХАМАС шабуылы кезінде Роми ата-анасына телефон соқты. Роми фестивальден қашып кетпек болған кезде ХАМАС содырларының шабуылына ұшырады.
2-кепіл Дорон Штейнбрехер
31 жастағы ветеринарлық медбике Дорон Киббутц Кфар Азадан ұрланған.
Мектепте ол театр мен киноны үйреніп, жануарларға деген сүйіспеншілігі байқалған, бұл оның ветеринарлық медбике болуына әсер етті.
3-кепіл Эмили Дамари
28 жастағы Эмилидің қос британдық-израильдік азаматтығы бар. Ол 7 қазандағы шабуыл кезінде Киббутц Кфар Азада тұтқынға алынды. Ол 471 күнін тұтқында өткізді.
Еске салсақ, бұған дейін ХАМАС Израильдің соғысты тоқтату жайлы келісімшартын қабылдаған еді. 19 қаңтарда Израиль мен ХАМАС-тың соғысты тоқтату келісімі күшіне енді.