Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Halyk Bank акционерлеріне 2024 жыл үшін тағы дивиденд төлейді: Бұл үшін 229 миллиард теңге бағытталмақ

халық банк дивиденд

Фото: shutterstock.com

22 қыркүйекте Halyk Bank акционерлерінің кезектен тыс жиналысында 2024 жыл үшін қарапайым акцияларға қосымша дивиденд төлеу жайлы шешім қабылданды. Бұған 229,1 миллиард теңге бағытталмақ. Ал бір акцияға төленетін дивиденд 21 теңге. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Банк дивидендтерді 2025 жылдың 25 қыркүйегінен бастап төлейді. Бұл – биыл жүргізіліп отырған екінші дивидент төлемінің траншы. Себебі 22 мамыр мен 29 мамыр аралығында банк 2024 жыл үшін алғашқы дивиденд траншын төлеген. Бұл кезде әр акцияға төленген дивиденд 29,61 теңге болған еді. Бұған барлығы 323,4 миллиард теңге бағытталған. Шын мәнінде төлем сомасы 322,6 миллиард теңге, соның ішінде ғаламдық депозитарлық қолхат бойынша төлем 90,2 миллиард теңге еді. 

Қос транш нәтижесінде акционерлер 2024 жыл үшін бір акцияға 50,64 теңге дивиденд алады. 

Дивиденд туралы ақпарат жария болған соң банктің акциялары төмендеп, 22 қыркүйекте қор нарығындағы сауда 357,9 теңге деңгейінде жабылды. Осылайша екі сауда сессия қорытындысы бойынша банктің қарапайым акциялары 16,79 теңгеге арзандады. 

Айта кетейік, 2025 жылдың 1 шілжесіндегі жағдай бойынша Halyk Bank-тің айналымдағы акция саны – 10,9 миллиард дана. Акцияның 69,5% "АЛМЭКС" Холдинг тобы" АҚ арқылы Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева иелік етеді. Ал “THE BANK OF NEW YORK MELLON" банктің 27,9% иесі. 

Назархан Уән
Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025 16:00
Талқылау