Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Халықтың Төреші дегенді тоқтату керек": Заңгер Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті

Заңгер Айгүл Орынбек мас күйінде көлік басқарған Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс қозғау керектігін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өзінің Facebook парақшасында жазба жариялаған Айгүл Орынбек Тоқаевтың “Мас халде көлік басқару - қылмыспен тең, ал мас жүргізуші - қылмыскер” деген сөзіне сәйкес, әншіні мәжбүрлі түрде қамауға алып, үстінен қылмыстық іс ашу керек деп есептейтінін жеткізді. 

“Әншінің іс-әрекеті  ақтауға келмейді. Заң - бәрімізге ортақ. Тәртіп сақшылары өте дұрыс жасады. Егер оны жібере салғанда, ол сосын адам қағып өлтіргенде, оны жайына жіберген полиция қызметкерлерін сөгіп, айып тағып шығар едік. Төреғалиды тек 20 тәулікке қамап, көлік жүргізу куәлігінен айырып қана қоймай, қылмыстық іс ашуды сұраймын, тіпті талап етемін. Халықтың Төреші, халықтың “еркесі”, “серкесі” деген ұғымды тоқтату керек”, – делінген жазбада. 

Заңгер Төреғали Төреәлінің ҚР ҚК-тің 380 бабы бойынша яғни Билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбағыны үшін заңды түрде жазалануы керек екенін айтады. 

Талқылау