Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Шымкентте аспалы жол салынады

Фото: pixabay.com

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков "Universal Ropeways" компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мегаполисте аспалы жол салу тұжырымдамасы таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Шымкентке жасаған жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын орындауға бағытталған бұл бастама әлеуметтік, инфрақұрылымдық және көлік салаларындағы жобаларды дамытуға ерекше назар аудармақ", – деді Шымкент әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында алдын ала бағыттар, ықтимал технологиялық шешімдер, жобалау және құрылыс кезеңдері талқыланды. Аспалы көлік арқылы кезең-кезеңімен Республика, Тәуке хан, Қонаев, Бәйдібек би, Абылай хан даңғылдары, цитадель аумағы мен "Тұран", "Шымкент сити" шағынаудандары қамтылмақ.

Аспалы жол іске қосылғаннан кейін халықтың қозғалысы жеңілдейді. Тығыз құрылыс және көлік қозғалысы қарқынды аймақтардағы жол-көлік жүйесіне түсетін жүктеме азаяды. Сонымен қатар бұл нысан туристер үшін де тартымды орынға айналуы мүмкін. Қала әкімі жобаны қолдаған инвесторларға алғысын білдіріп, ашық және конструктивті пікір алмасуға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар толық қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Айта кетейік, жобаны жүзеге асыру қаланың дамуына серпін беріп, заманауи шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді. Бұл бастама құрылыс кезінде және кейінгі кезеңдерде жаңа жұмыс орындарын ашуға да ықпал етпек.


"Киіз үй мен әткеншектер шаң басып тұр". 3 миллиард теңгеге салынған "Шымқала" кешені қирап жатыр


Тоқаев құрылысына 24 миллиард теңге жұмсаған Шымкент әуежайының терминалымен танысты


Еске салайық, бұған дейін 11 сәуір күні мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шымкент қаласына барды. Қаланың қоғам белсенділерімен кездесуі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисте мәдениет және өнер университетін құру жөніндегі жергілікті жұрттың ұсынысын қолдады.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 23 Сәуір, 2025 17:22
Талқылау