"Халықтың ақшасына алып жатыр": Ырысбала Икрамбай сіңлісіне көлік сыйлады
Фото: Видеодан скриншот
Танымал блогер Ырысбала Икрамбай сіңлісіне көлік сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы қуанышты жаңалықты жеке парақшасында бөлісті.
“Менің сіңліме берекелі көлік болсын. Жолда жаман адамдар жолықпасын. Көлігі бұдан да биіктей берсін. Бірінші жүргізуші куәлігін оқып аласың, содан кейін ғана кілтін береміз. Өзіңе залал келтірсең мейлі. Ал біреудің өміріне залал келтірсең өмір бойы нәлетіне қаласың", – деді блогер.
Алайда желі қолданушылары жаңалыққа қуана қоймады. Қайырымдылықтан жиналған ақша екенін болжап жатыр.
“Ырысбаланы да тексеру керек”, “Халықтың ақшасына қуантып жатыр”, “Перизаттың тағдырын қайталап жүрмесін”, – деп жазды көпшілік.
Көп ұзамай блогердің сіңлісі Балнұр мәлімдеме жасады.
“Жарты суммасын өзім жинадым. Қол мен аяғым сау, жұмыс істейтін шығармыз. 30-40 миллион теңгенің машинасы емес қой, қайдан келген ақша дейтіндей. Сәл диваннан тұрып қимылдасаң сенде де болады”, – деп жауап берді ол.
@yelaman_go #рекемендаци ♬ оригинальный звук - Elaman Live 🎥

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
