Хакерлер Instagram-дағы 17,5 миллион қолданушының деректерін ұрлаған

Америкалық Malwarebytes киберқауіпсіздік компаниясы киберқылмыскерлер Instagram әлеуметтік желісінің 17,5 миллион пайдаланушысының жеке деректерін ұрлағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Компания X әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.
“Киберқылмыскерлер Instagram желісіндегі 17,5 миллион аккаунттың құпия ақпаратын, соның ішінде пайдаланушы аттарын, тұрғылықты мекенжайларын, телефон нөмірлерін, электронды пошта мекенжайларын және басқа да деректерді қолды қылған”, – делінген жазбада.
Notebookcheck порталының хабарлауынша, жария болып кеткен бұл деректер фишинг шабуылдары мен аккаунттарды ұрлау үшін пайдаланылуы мүмкін. Деректердің таралуы 2024 жылы орын алуы ықтимал. Алайда олар кең аудиторияға тек 2026 жылы ғана қолжетімді болған. Осыған байланысты Instagram пайдаланушылары құпиясөздерін өзгертуге әрекет жасалғаны туралы ескертулер ала бастаған.
-
Алматылық оқушылардың жеке дерегі көшірілді: Білім басқармасы ақпаратты жоққа шығарды
-
Алаяқтар қазақстандықтардың WhatsApp желісіне білдірмей кіріп жатыр
Ал Meta компаниясының өкілдері әзірге деректердің тарағанын растамады және жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді