Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова: Немерелерім сахнаға шығуға асығып жүр

Қайрат Нұртастың жанұясы үшін 2018 жылдың наурыз айы ерекше есте қалмақ! Себебі дәл осы айда хитмен әнші алғаш рет Алматыда және Астанада отбасымен бірге концерт қойғалы жатыр. Әншінің жұбайы өз алдына, жұлдызды жұптың төрт бірдей баласы сахнаға шығып, қалың көрерменмен таныспақшы.

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Гүлзира Айдарбекова алда болатын концертті, әсіресе немерелерінің асыға күтіп жүргендерін айтып, ағынан жарылды.

“Қайраттың отбасы түгел дайындалып жатыр. Әсіресе, бізден қарағанда балапандар асығыс. Өздерінше дайындық жасап жүр. Халық алдына шығып, аналары танылғалы бері олар да қуанып, ортақтасып жүр. Мен олар кішкентай ғой, білмейді деп ойлағанмын. Жоқ, бәрін біліп тұр. Ең кішкентайының өзі: “Мен не ән айтпаймын ба?” деп жүр. Соған қарағанда дайындақтары жаман емес сияқты”, – деп бөлісті Гүлзира Үсенқызы.

Алайда пиардың қыр-сырын жетік меңгерген Гүлзира ханым ерекше концерттің сценарийі туралы тіс жармады. Ән кешіне келетін көрерменді қызықтырғысы келді ме, ерекше өтеді деп сендірді.

“Ол жерде ерекшелік көп. Ауыз толтырып мақтанбай-ақ қояйын. Өйткені мен болады деген нәрсе болмай қалуы да мүмкін. Сондықтан да оны білу үшін өздеріңіз келіп, көзбен көргендеріңіз дұрыс деп ойлаймын”, – дейді ол.

Ал әріптестері Қайраттың бұл әрекетін қолдап отыр.

“Ол деген жақсы ғой. Таланттылардан талантты бала туып жатса, оның талантын көрсете алса, онда тұрған не бар? Ол деген бір жанұя үшін бақыт қой. Біздің қазақтың маңдайына біткен жұлдыздары ғой. Қайратты да, Жұлдызды да алақандарына салып еркелетіп отыр. Бәрі көргісі келеді. Кейде “балаларын неге көрсетпейді?” деп әңгіме айтады. Енді сол уақыты келген шығар деп ойлаймын”, – дейді Айдарбекованың жақын құрбысы, әнші Шахизада

Жіберіп алмаңыз: 

Үнді киносындағыдай: Жұлдыз студент кезінде Қайратпен қалай танысқанын айтып берді

Жұбаныш Жексенұлы ұлын орыс қызына үйлендіріп, дүркіретіп той жасады (фото)

Қуырылған жұмыртқа мен шұжық: Алагөзов фильмге түскені үшін қандай қаламақы алғанын айтты

Меруерт Өтекешева: Құманымды ардақтаған Алаш жұртына ризамын

Талқылау