Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғұсман Қырғызбаев пен Абиба Абужақынова бастаған дзюдошылар Гран-при жарысына аттанды

Фото:Stan.kz collage

6-8 наурыз аралығында Аустрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Байрақты бәсекеге Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев пен әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері Абиба Абужақынова бастаған дзюдошылар ел намысын қорғайды.

Әйелдер: 

-48 кг: Абиба Абужақынова, Диана Буркеева

-57 кг: Дана Абдирова, Бақыт Құсақбаева 

-63 кг: Эсмигүл Куюлова 

-70 кг: Ажар Асхат 

+78 кг: Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова

Ерлер: 

- 60 кг: Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов

-66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев 

-73 кг: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов 

-81 кг: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат 

-90 кг: Айдар Арапов 

-100 кг: Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан

+100 кг: Жантілек Нұртілепұлы

Айта кетейік, айтулы додаға 62 мемлекеттің 503 спортшысы қатысады. 
2025 жылы бұл додада Абиба Абужақынова топ жарып, алтыннан алқа таққан.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 05 Наурыз, 2026 11:39