Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүржістанда қазақстандық трансгендер әйел көз жұмды

Томирис Кусаинова көз жүмдыФото:  https://www.instagram.com/tomika979797

Гүржістанда қазақстандық трансгендер әйел Томирис Құсайынова көз жұмды. Әзірге оның нақты неден қайтыс болғаны белгісіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазір оның туыстары мен достары марқұмның денесін Қазақстанға жеткізу үшін қаржы жинап жатыр. Бұл жөнінде ЛГБТ құқықтарын қорғайтын халықаралық Medea ұйымы хабарлады.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, Томирис Тбилисидегі квир-қауымдастықтың “ең танымал тұлғаларының бірі” болған. 

“Ол адамдарды өзара байланыстырып, қоғамдар арасында көпір орната білген ерекше жан еді. Дәл осы энергия Гүржістан мен қазақстандық қауым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайтты”, – делінген жазбада.

Сонымен қатар Medea ұйымы Грузия мен Қазақстанда трансгендер тұлғаларды жүйелі түрде кемсіту және олардың негізгі құқықтарының бұзылуы әлі де үлкен мәселе болып отырғанын алға тартты.

“Көп жағдайда адамдарды елден кетуге мәжбүрлейді, алайда көшіп барған жерінде де олар зорлық-зомбылыққа, кемсітушілікке және миграциялық процестердегі немқұрайлылыққа тап болады”, – деп хабарлады ұйым.

 

Айта кетейік, бұған дейін трансгендер-блогер Никонет бұрынғы сүйіктісінің өзін алдап келгенін мәлімдегені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 23:31
Талқылау