Гуанчжоу-Алматы рейсінде қазақстандық жолаушы қайтыс болды

Гуанчжоу-Алматы рейсіндегі жолаушы бортта қайтыс болды. Көлік полициясы департаменті жағдайды растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімі оқиғаға қатысты қылмыстық тергеуді бастады.
“Өлімнің себебі – созылмалы ауру. Жағдай тексеріліп жатыр. Нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат құпия саналады”, – делінген мәлімдемеде.
Threads желісінің пайдаланушысы да қайғылы оқиға туралы хабарлады.
Скрин: Threads
“11 желтоқсанда Гуанчжоудан Алматыға ұшқан ұшақ бортында әйел қайтыс болды. Менің ойымша, әрбір ұшақта алғашқы медициналық көмек көрсете алатын дәрігер болуы керек”, – деп жазды пайдаланушы.
Сонымен қатар жазбаға жазылған пікірлерде марқұмның қатерлі ісікпен ауырғаны айтылды.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыға бағыт алған ұшақ жолаушының жағдайы нашарлап, Ақтөбеге шұғыл қонғаны туралы жазған едік. Алайда көрсетілген медициналық көмекке қарамастан жолаушы көз жұмған.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген