"Қазақстаннан қашып кетуі мүмкін": Адвокат Әсел Айтпаеваның ісіне қатысты тың деректермен бөлісті
Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның туыстарының мүддесін қорғаушы адвокат Ербол Канафин істің қалай жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.
Еске салайық, Тбилисидегі қазақстандық арудың өліміне қатысты іс бойынша Грузия азаматы және Қазақстан азаматы Мұрат Мейірбеков ұсталды.
Айсұлу Айтпаеваның адвокаты Ербол Канафин ұсталған қазақстандықтың қамауға алу мерзімі 10 тәулікке дейін ұзартылғанын мәлімдеген болатын.
"Біздің міндетіміз - күдіктінің сотқа дейінгі тергеу барысында қамауда болуын қамтамасыз ету. Өйткені ол халықаралық байланыстары мен қаражатын қолдана отырып, үйқамаққа жіберілсе де, Қазақстаннан қашып кетуі мүмкін", - деді адвокат.
- Грузиядағы қазақ қыздың өлімі: Тағы екі қыз сауданың құрбаны болуы мүмкін еді
- "Мен сізге ғашық болып қалдым деп айтқан": Грузияда көз жұмған қыздың құрбысы оқиға жайлы айтты
Мейірбековтың кінәсі дәлелденсе, ол Қазақстан заңдары бойынша жауапқа тартылып, жазасын отанында өтейтін болады.
Еске салсақ, 6 мамырда қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен.
Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті. Өлер алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгерген, онда ер адам оған зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқанын естуге болады.
Сонымен қатар, қыздың өлімін егжей-тегжейлі тергеу үшін Қазақстан ІІМ Грузияға өзінің тергеу-жедел тобын жібереді.
Грузияда қаза болған қазақстандық ару Әсел Айтпаеваның туысы 10 тәулікке қамауға алынды.