Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Григорий Лепстің Конаевта жоспарланған концерті қазақстандықтардың сынынан кейін өтпейтін болды

Ресейлік әнші Григорий Лепстің Конаев қаласында өтуі тиіс болған концерті қазақстандықтардың сынынан кейін өтпейтін болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Лепс

“Григорий Лепстің қойылымын ұйымдастыру үшін өзінің концерттік орнын берген Makao Luxury Village Resort компаниясы концертті ұйымдастырушылармен келісімшартты біржақты бұзу туралы шешім қабылдады. Билеттерді сатып алған жерге өткізуге болады”, – деп мәлімдеді компания өкілдері.



Бірнеше күн бұрын Лепс пен басқа да бірқатар ресейлік әртістер Украинаның әскери техникасын жойғаны үшін жақсы сыйақы төлеуге уәде берген. Лепстің концертіне қарсы шыққан қазақстандықтар Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын қаржыландыру мүмкіндігіне наразы болды.

Айта кетейік, қазақстандықтар кейбір ресейлік әртістерді Ресей президенті Владимир Путиннің саясатын қолдайтынымен байланыстырып, бойкот жариялап жатады. Мысалы, 15 ақпанда Алматыда "Жара" фестивалін ұйымдастырушылар елдегі және әлемдегі саяси жағдайға байланысты музыкалық шара кейінге қалатынын хабарлады. Тіпті афишадан Григорий Лепс, Дима Билан, Ольга Бузова, Анита Цой және Лолитаны алып тастаған. Олар Ресей басқыншылығын қолдап, пікір білдірген.

Талқылау