"Жалпы, бұл кімдер?": Ресейлік әншілер Димашты сынаған қазақстандық шоу-бизнес өкілдері туралы

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Россия" телеарнасындағы "Привет, Андрей!" бағдарламасында қонақ болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш "Жыл әніне" арналған бағдарламаның қонағы болды. Студияда танымал ресейлік орындаушылар мен әртістер жиналды: Валерий Леонтьев, Лев Лещенко, Николай Басков, Игорь Крутой, Григорий Лепс, Сергей Лазарев, Дима Билан, Лолита, Александр Ревва.

Бағдарлама барысында қазақстандық әнші жақында бейнебаяны жарық көрген "Я скучаю по тебе" әнін композитор Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен шырқады.

"Бұл әнші сахнаға шыққан кезде бізге "Біздің күніміз" деген сөздер жазылған мыңдаған пікірлер түседі", - деп тележүргізуші Димашты таныстырды Андрей Малахов.

Эфир кезінде ресейлік әртістерге 17 жастағы Димаш қатысқан шоудан үзінді видео көрсетілді. 2013 жылғы бейнежазбада "Ел Арна" телеарнасындағы "Саз  әлемі" бағдарламасының қазылар алқасы Димашты сынаған еді.

Видеоны көргеннен кейін ресейлік жұлдыздар пікірін айта бастады.

"Жалпы, бұл кімдер?", - деп сұрады Басков пен Малахов.

"Тыныс алудың, оны ұстап тұрудың, шығарудың не екенін, бәрін қалай басқаруға болатынын білмейтін сыншы адамды, әншіні қалай бағалай алады. Бұл мен циркке немесе балетке келіп, акробаттарды немесе Цискаридзе мен Плисецкая билерін сынағанмен бірдей.  Бұл мүмкін емес, бұл шығармашылық", - деп толықтырды Басков.

Сондай-ақ көрермендерге Димаштың ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтардың өнер көрсетуінің мұрағаттағы кадрлары көрсетілді.

"Керемет! Міне, сенің кімге ұқсағаның белгілі болды", - деп әнші Николай Басков Димаштың анасының дауысына таң қалды.

"Мен осы мүмкіндікті пайдаланып, ата-анама және, әрине, бірінші кезекте үлкен ата-анама алғыс айтамын. Мені қазақтың әдет-ғұрпы бойынша бала кезімнен ата-әжемді ана мен әкем деп айтуға үйретті. Атам мен әжемнің, ата-анамның арқасында өмірімдегі барлық нәрсе мен қалағандай болыпжатыр. Мен оларды өте жақсы көремін", - деді Димаш.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр